Без рубрики
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛ АПАТЫНАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАР САНЫ 20%-ҒА АЗАЙДЫ
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол жүрісі қауіпсіздігін күшейту бағытында қабылданған кешенді шаралар оң нәтиже бере бастады.

Биыл жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға төмендеді. Сонымен қатар, жол апаттарынан қаза тапқандар саны 20%-ға, ал жарақат алғандар саны 7%-ға азайған.
Министрлік бұл көрсеткіштер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстардың, бақылаудың күшейтілуі мен жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру шараларының нәтижесі екенін атап өтті.



