САЙРАМ АУДАНЫ АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті кең ауқымды экологиялық акция өтті

Бағдарламаның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтап, жасыл аймақтарды көбейту. Сонымен қатар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Осы бағыттағы жұмыстарды Сайрам ауданыны жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Экологиялық акция аясында Ақсукент ауылдық округіне қарасты Ақсу ауылындағы Орталық саябақта ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты көркейтуге бағытталған игі шара барысында саябақ аумағына 100 түп қырым қарағайы мен 100 түп шынар көшеті отырғызылды. Сонымен қатар бұрын отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау мақсатында олардың түптері өңделіп, ағаштар әктелді. Бұл жұмыстар көшеттердің жерсінуіне қолайлы жағдай жасап, жасыл желектің сақталуына мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Сайрам ауданының тұрғындары көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауылдық округтерде саябақтар мен скверлердің саны артып, көшелер мен қоғамдық орындарға мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылған. Мұндай жұмыстар экологияның жақсара түсуіне өз үлесін қосып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы ортаның қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ағаш өсіп шыққан ағаштар оттегі бөліп, ауаның сапасын жақсарта түсетіні анық.
Өткізілген іс- шараға аудан әкімі Мадияр Оразалиев қатысты. Ол, аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің тазалығына бейжай қарамауға шақырды. Сонымен қатар әкім — әрбір тұрғынның өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтауға атсалысуы ауданның көркеюіне қосылған маңызды үлес екенін атап өтті.Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені айтылып, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Экологиялық акция тек ағаш отырғызумен шектелген жоқ. Ауданның барлық ауылдық округтерінде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көшелер мен арықтар, саябақтар, әлеуметтік нысандардың айналасы және қоғамдық орындар ретке келтірілді. Мұндай жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы аудан бойынша өткен сенбілікке 3 мыңға жуық адам белсенді қатысты.Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, жастар, еріктілер, білім беру ұйымдарының ұжымдары және аудан тұрғындары жұмыла атсалысты. Ортақ іске бір кісідей жұмылған тұрғындардың белсенділігі қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетті.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай шаралар Сайрам ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бағдарлама шеңберінде ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды көбейту, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары кезеңімен жалғасуда. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да Сайрам ауданында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларға сәйкес көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстары жалғасын табады. Мұндай шаралар өңір тазалану үшін ғана емес, өскелең ұрпаққа үлгі болу үшін де өкізіліп тұру керек. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» — деген мақал қашанда бала тәрбисінде ұран болып қалыптасу керек.



