Без рубрики
ЖАМБЫЛДА 10 МЛН ТЕҢГЕЛІК ГАШИШПЕН ЖҮРГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Жамбыл облысында полицейлер ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолын кесті.

Облыстық полиция қызметкерлері «Қордай – Алматы» автожолында жүргізілген жедел іс-шара барысында жеңіл көлікті тоқтатып, тексеру кезінде оның капотының астынан 8,5 келі гашиш тапты.
Тергеу мәліметінше, 55 жастағы жүргізуші есірткіні Алматы қаласына жеткізбек болған. Тәркіленген заттың қара нарықтағы болжамды құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



