Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?

Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастыққа кірігуді өзінің сыртқы саясат саласындағы басымдығы ретінде айқындады.

Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған.

Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайы өзгерістерге ұшырауда. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан да ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір дәрежеде ілгеріледі.

1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» және «Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы» конвенциялары да бекітілді. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіге және басқаларына қол қойылды. Қазақстан адам құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық шартқа қосылды.

Үкіметтің 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын ─ ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық- зомбылықтан азат болуды айқындады.

2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткізілген Қазақстан әйелдерінің IV Форумында ел Президенті Үкімет пен Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияға аталған Тұжырымдаманың негізінде Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын әзірлеп, онда экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларды қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттарын анық белгілеу, әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін мерзімдері бойынша әзірлеу керек екенін тапсырды.

Стратегия ─ мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты Стратегияның әр бөліміне БҰҰ Әйелдер қорының өңірлік офисімен (ЮНИФЕМ) бірлесіп әзірленген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі көрсеткіштер енгізілген.

Гендерлік теңдік стратегиясы 2006 — 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді, 9 бөлімнен тұрады.

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

Гендерлік саясатқа қатысты негізгі ұғымдар:

 Уақытша арнайы шаралар – қоғамда гендерлік теңгерімге қол жеткізуге бағытталған шаралар (мысалы, оң дискриминация нысаны ретінде билік органдарындағы әйелдер өкілдігінің квотасы), БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенциясына сәйкес ол кемсіту ретінде қарастырылмайды.

Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.

«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.

«Гендер» термині әлеуметтік процесстерді түсінуге арналған талдау құралы болып табылады.

Гендерлік талдау – әзірленіп жатқан және қолданыстағы дамыту жобаларының ерлер мен әйелдерге түрлі әсерін жүйелі түрде зерттеу. Ол саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлардың әйелдер мен еркектерге қалайша әсер ететінін көруге және салыстыруға мүмкіндік береді.

Гендерлік теңгерім – ұйымдастырушылық құрылымның барлық деңгейлеріндегі ерлер мен әйелдердің теңдігі.

Гендерлік бюджет – барлық салалар мен қызметтердің түрлері бойынша мемлекеттік бюджеттің ерлер мен әйелдердің түрлі топтарына ықпал етуін бағалау құралы. Гендерлік бағдарланған қаржыландыруды талдауды көздейді, барлық салалар мен қызметтердің түрлері бойынша негізгі шығыстардың әйелдер мен ерлерге жеке әсерін қарастырады, мемлекеттік қызметтер саласындағы мүмкіндіктердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған стратегиялар мен қаржыландыруды талдайды.

Гендерлік зерттеулер – әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени мәртебесін, гендерлік рөлдері мен гендерлік қарым- қатынасын зерттеу. Қоғамдағы гендерлік қатынастарға ықпал ету жөніндегі саясатты, стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу мен жоспарлау үшін ақпарат беру.

Гендерлік-құқықтық сараптама – халықаралық стандарттар мен нормалардың ұлттық заңнамада қандай дәрежеде іске асырылатынын айқындау. Ерлер мен әйелдер үшін тек тең құқықтар мен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар тең мүмкіндіктерді де қамтитын гендерлік әділетті саясатты қалыптастыруға ықпал ететін, өкілді және атқарушы органдардың, әлеуметтің гендерлік сезімталдығының дәрежесін айқындау.

Гендерлік ескі   нанымдар   –   белгілі   бір   жыныстық   тегімен   және «жыныстардың мақсатымен» деп аталатын өзара байланысты артықшылық немесе кембағалдық болуы туралы таптаурындар.

Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Гендерлік теңдік – әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі.

Гендерлік тең құқықтылық – әйелдер мен ерлердің заң алдындағы тең құқықтығы гендерлік теңдікке жету жолдарының бірі болып табылады.

Гендерлік рөлдер – белгілі бір қоғамда және тарихи жағдайда қолданылатын әлеуметтік және мәдени нормаларға сәйкес ерлер мен әйелдерге берілетін әлеуметтік рөлдер.

Гендерлік статистика – ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірдің барлық салаларындағы тиісті жағдайын бейнелеу және қоғамдағы гендерлік проблемаларды көрсетеді.

Гендерлік таптаурындар – лайықты «әйелдік» және «еркектік» мінез- құлық, олардың мақсаты, әлеуметтік рөлдері мен қызметі туралы қоғамда жалпыға бірдей қабылданған орнықты көзқарастар.

Гендерлік сезімталдық – жыныс нышаны бойынша кемсітудің негізінде жататын әлеуметтік жағынан ұштасқан факторларды түсіну және назарға алу.

Гендерлік сезімтал жоспарлау – әйелдер мен қыздарға даму процесіне қатысуға көбірек мүмкіндік беруге арналған және жоспарланған іс- қимылдардың әйелдер мен ерлерге әсерін өлшеуге арналған арнайы әдістер мен құралдар.

Гендерлік сараптама – мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де актілердің ерлер мен әйелдер теңдігінің конституциялық құқығына сәйкес келуін айқындау және жыныс нышаны бойынша кемсітуді болдырмау мақсатында оларды қоғамдық-құқықтық тұрғыдан талдау.

Жынысы бойынша кемсіту – жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе қысым көрсету, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру. Кемсітудің ең кең таралған түрі жынысы нышаны бойынша кемсіту болып табылады.

Жанама түрде кемсіту – жынысы бойынша жалаң ажыратуға шектеуге, ерекшелеуге) негізделмеген, бірақ жынысы түрлі адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануында оларға әр түрлі әсер ететін іс-әрекеттер.

Оң тұрғыда кемсіту – ерлер мен әйелдердің арасында іс жүзіндегі теңдік орнатылуын жеделдетуге бағытталған уақытша арнайы шараларды енгізу мүмкіндігі. Жынысы бойынша дәстүрлі түрде кемсітілетін топтардың өкілдеріне қызмет сатысы бойынша жоғарылату, биліктің сайланатын органдарына ұсынылу, жұмысқа орналасу, білім алу кезінде артықшылықтар беру.

Тікелей кемсіту – жыныстық тегін оны тікелей көрсете отырып іс- әрекеттерде пайдалану мақсатында кемсіту.

Астыртын кемсіту – жыныстық тегін тікелей көрсетпейтін, бірақ жынысы әр түрлі адамдар үшін бірдей нәтиже бермейтін қасақана кемсіту.

Үйдегі зорлық-зомбылық (отбасындағы зорлық-зомбылық) – егер бұл іс-әрекет отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетсе, оның тәнін немесе жан дүниесін қинап, моральдық зиян келтірсе немесе отбасы мүшесінің дене жағынан немесе жеке басының дамуына қатер келтіретін болса, отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне қатысты кез келген қасақана іс-әрекеті.

Үй еңбегі – әйелдердің үй шаруашылығын ұстап-күту жөніндегі ақысы төленбейтін, сандық баламасы мен әлеуметтік тұрғыдан мойындалған мәні жоқ қызметі (үй жинау, кір жуу, тамақ дайындау және т.б.). Үй ішілік міндеттерді тең бөлінбеуі әйелдерді кемсіту нысандарының бірі болып табылады.

Көрсеткіштер – алға қойған мақсаттарға жетудегі ілгерілеушілікті (немесе оның жоқ екенін); зерделенетін процестің жай-күйін көрсететін көрсеткіштер; сан, сапа және уақыттық қатынаста жоспарланғанмен салыстырғанда іс жүзінде ненің өзгергенін өлшейтін құрал.

Квоталар – сайлауда үміткерлердің тізімін жасаған кезде әйелдер мен ерлер өкілдігінің, сондай-ақ олардың заңнамалық және атқарушы билік органдарына қатысуының белгіленген деңгейі. Квоталау қоғамдағы гендерлік теңгерімге қол жеткізуге арналған уақытша шара ретінде қарастырылады.

Дағдарыс орталықтары – зорлық-зомбылықтың немесе зорлық- зомбылық қатерінің салдарынан қиын жағдайға тап болған, тәуекел тобындағы адамдарға, көбінесе әйелдерге қызметтер көрсететін (консультациялар, уақытша баспана беру, оңалуға көмектесу) ұйымдар.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – қоғамдық немесе жеке өмірде жынысы негізінде жасалған, әйелге тәни, жыныстық немесе психологиялық залал немесе азап келтіретін немесе келтіруі мүмкін кез келген зорлық- зомбылық әрекеті, сондай-ақ осындай әрекеттің жасалу қатері, бас бостандығынан мәжбүрлеп немесе ерікті түрде айыру.

Тең мүмкіндіктер – құқықтар теңдігіне іс жүзінде қол жеткізу үшін қажетті құралдар мен жағдайлардың жүйесі.

Тең құқықтар – мемлекет кепілдік беретін, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген, азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да құқықтарды жүзеге асырудың әйелдер мен ерлер үшін тең құқығы.

Ұрпақты болу денсаулығы – адамның толыққанды ұрпақ әкелу қабілетін көрсететін денсаулығы.

Ұрпақты болу құқықтары – азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау, азаматтардың некеде немесе некеден тыс бала тууға немесе бала туудан бас тартуға, бойына бала бітіру мен оларды туу әдістеріне, балалардың санына, туатын уақыты мен жеріне, бала туу арасындағы уақыт аралығына қатысты шешім қабылдау мен оны іске асыру, сондай-ақ осы салада медициналық- әлеуметтік, ақпараттық және консультациялық көмек алу құқығы.

Жұмыс орнындағы нәпсілік қол сұғу – нәпсілік қол сұғу тәни жанасу мен ұсыныстар, нәпсілік реңкі бар сөздер, порнография көрсету және сөзбен немесе іс-әрекетпен нәпсілік талаптар қою сияқты жағымсыз нәпсілік мінез- қылықты қамтиды.

Отбасындағы нәпсілік зорлық-зомбылық – бұл отбасының басқа бір мүшесінің жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық еркіндігіне қол сұғатын әрекет, сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған адамға қатысты нәпсілік сипаттағы іс-әрекет.

Адамдарды саудалау – адамдарды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, күш жұмсау туралы қоқан-лоққы немесе күш қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа нысандарынын қолдану, ұрлау, алаяқтық жасау, алдау, билікті немесе біреудің осал жағдайын теріс пайдалану жолымен немесе бір тұлғаны бақылайтын екінші тұлғаның келісімін алу үшін оны төлем жасау немесе пайдалар түрінде сатып алу жолымен адамдарды үгіттеп тарту, тасымалдау, табыстау, жасыру немесе қабылдап алуды білдіреді. Пайдалану ең аз дегенде, үшінші бір адамдардың жезөкшелікті пайдалануын және/немесе нәпсілік пайдаланудың басқа нысандарын, мәжбүрлі еңбекті немесе қызметтерді, құлдықты немесе құлдыққа ұқсас салттарды, бас еркі жоқ жағдайды немесе ағзаларын алуын қамтиды.

SWOT-талдау – ахуалдың немесе құбылыстың әлсіз және күшті жақтарын, сондай-ақ осы ахуалды немесе құбылысты жақсарту жөніндегі қатерлер мен мүмкіндіктерді айқындауға мүмкіндік беретін талдау әдістері.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close