Қоғам

ГЕНЕРАЛ ТАШИЕВКЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты мықты деп жылап, артынан мемлекетін күшпен басып алуға оқталды деп айыпталған Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиевке қатысты сот үкімі шықты

Ол алдағы төрт жылын үй қамағында өткізеді. Сонымен қатар, сот шешімімен оның мүлкі тәркіленеді. Алайда адвокаты сот үкімімен келіспейтіндерін айтып, жақын күндері апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Қамчыбек Ташиевпен бірге тағы жеті адамға билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Олардың әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылғанымен, жазаларын түрмеде емес, үй қамағында өтейтін болды. Сондай-ақ олардың да мүлкі тәркіленеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close