Қоғам

ПАРИЖ МӘЙІТХАНАЛАРЫНДА ОРЫН ЖОҚ

Париж мәйітханаларында орын тапшы: марқұмдарды басқа қалаға жеткізіп жатыр

Франция астанасы Париждегі мәйітханаларда орын жетіспей жатыр. Мамандар мәйітті мұздатып сақтау камераларының толып қалғанын айтып, дабыл қағуда.

Қаладағы 32 мәйіт сақтайтын камераның барлығы толған. Осыған байланысты марқұмдардың денелері Парижден шамамен 80 шақырым қашықтықта орналасқан Шартр қаласына жеткізіліп жатыр.

Соңғы бір аптада Парижде 1400 адам қайтыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігі – 65 жастан асқан тұрғындар.

Сарапшылар климаттың өзгеруі жалғаса берсе, ғасыр соңына қарай Еуропада аптап ыстықтан болатын өлім-жітім саны артады дейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close