#Руханият

АҒАРТУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумын №8 отбасылық кітапханада «Жетістікке жеткізетін кітаптар» апталығының ашылуы өтті. Жиынға балалар жазушысы Қожагелді Исаев пен фантаст-жазушы Сарманбай Исақов қатысты.

— Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру біршама қиындап кетті. Десек те, балалардың дүниетанымын арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеп, білім мен ғылымға жетелеуде кітаптың, оның ішінде балалар әдебиетінің орны ерек, — деп атап өтті С.Исақов.

Салтанатты шарада Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің «Асыл әжелер» ансамблі әннен шашу шашты. Жазушылардың тұщымды әңгімесінен соң, «Кітап әлемінде» танымдық сұрақ-жауап сайысы өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар №13 жалпы орта мектептің оқушылары заманауи жаңартудан өткен кітапхана ғимаратын аралап, ондағы жаңа кітаптармен танысты.
Айта кетейік, апталық 12-19 қазан аралығында өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close