Саясат

«СӘУЛЕ» ШАҒЫНАУДАНЫ 276 ОРАМНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сәуле» шағынауданы 276 орамда жарық және су жүйелерінің жағдайымен танысты.
Сәуле шағынауданы 276 орамға жеке тұрғын үй салу үшін 600 жер телімі берілген. Бүгінгі таңда 350 тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Халық саны – 526 адам. Аталған аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін демеушілер тарапынан 2020 жылы 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, сапалы ауыз су жүйесі тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
2020 жылы 276 орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150-ге жуық жеке тұрғын үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 276 орамды толықтай ауыз сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме «Агат» ЖШС-мен 532,5 млн. теңгеге келісімшарт түзілген. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың маусым айында басталып, қараша айына дейін аяқтау жоспарланған. Электр жарығымен толық қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, қазіргі таңда жеңімпаз мердігер мекеме «Ақсемсер-стройсервис» ЖШС-мен 982,4 млн теңгеге келісімшарт түзілді. Аталған жұмыстар 2022 жылдың І тоқсанында аяқталады..

Сәуле шағынауданы 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан ЖСҚ дайындалып, қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім енгізілген. 276 орам 2022 жылы толық табиғи газбен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, топырақ жолдардың санын азайту мақсатында 2020 жылы 4,9 шақырым жолға (4 көше) шағал тас төселді. Аталған көшелерге 2022 жылы асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Қала әкімі 276 орам тұрғындарымен кездесуде жасалып жатқан жұмыстардың сапасын тексеру мен қадағалау барысында белсенділік танытуларын өтінді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close