Тәуелсіздікке — 30 жыл

ДАМЫҒАН ЕЛДЕРМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ

Тәуелсіздіктің біз үшін айрықша құндылығы — ұлттық мүддені қорғау негізінде ішкі және сыртқы қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға, мемлекет құрушы және қоғамды іштей топтастырушы қазақ ұлтының дамуына тарихи мүмкіндік туды. Бодандық құрсауында ұлттық идеяны ту етіп көтерген, ғасырлар бойғы арманы — азаттықтың ақ таңына жеткен халқымыздың ұлттық санасының жаңғыруы, өзінің бай, ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін, біртуар ұлттық тұлғалары мен құндылықтарын қастерлеп-құрметтеуі арқылы өзін-өзі тануы және өзгеге танытуы, рухани мол қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында атқарылған және одан әрі жалғасын табар ауқымды істер.

Еліміздің халықаралық саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды әрі жемісті жұмыс жасалды. Қазақстан БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуропалық қайтақұру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық атомдық энергия агенттігі, Қызыл крест және жарты ай, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде.

Қазақстан әлемнің 140 мемлекетімен қарым-қатынас орнатып, дамытуда. Өзінің даму қарқыны, экономикалық қуаты, адами әлеуеті бойынша Қазақстан Орталық Азия мен ТМД-да көшбасшы позицияға ие болып отыр. Қазақстан тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде ықыласпен зерттелуде. Қазіргі таңда Елбасының еуразиялық ықпалдастық туралы идеясы жүзеге асырылып, Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен бірге Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруда. Бұл — Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыру жолы.

Еліміз АҚШ, Қытай және Еуроодақпен стратегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуда. Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ сияқты аса ірі халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес туралы Қазақстан көшбасшысының идеясы ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close