#ДенсаулықҚоғамҚылмыс/ОқиғаСпорт/Шоу-Биз

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТЕМІРТАС ЖҮСІПОВ ӘЙЕЛІН СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Қазақстандық бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповқа қатысты жанжал қоғамда қызу талқылануда.

Әлеуметтік желілерде спортшының жұбайына күш көрсеткені туралы ақпарат тарады. Осы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тараған ақпаратқа сәйкес, Теміртас Жүсіповтың жұбайы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Әйелдің туыстары оның денсаулығына алаңдап отырғандарын айтып, құзырлы органдардан істі жан-жақты әрі объективті тергеуді сұрады.Ресми медициналық мәлімет бойынша, жәбірленушіден жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, бетінің жұмсақ тіндерінің соғылуы және денесіндегі сызаттар анықталған. Сондай-ақ дәрігерлер құрысу синдромын тіркеген. Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасуда.

Жәбірленушінің туыстары тергеудің әділ өтуіне алаңдаушылық білдіріп, спортшы тарапынан әйелге қатысты қорқыту болғанын мәлімдеді. Олар әйел мен оның екі баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрап отыр. Өз кезегінде Теміртас Жүсіпов журналистерге берген пікірінде отбасылық жанжал болғанын растады. Алайда ол өз тарапынан күш қолдану жұбайының әрекетіне жауап ретінде болғанын айтты.Қазіргі уақытта іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Сондықтан оқиғаға қатысты түпкілікті құқықтық бағаны тергеу нәтижесі мен сот шешімі анықтайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close