
Оның шындықты айтуына «әскерге барасың» деген бір ауыз сөз себеп болған. Осы оқиғадан кейін ата-анасы абдырап қалған. Кейіннен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенқызынан көмек сұраған.
Нұрайым Шақимергенқызы:
«Ата-анасы келіп, маған жылағанда жерді тырмалап, тырнақтары қалмаған. Бала 5 жыл бойы қандай күй кешті?! Мектеп жасындағы балаларға буллинг дегеннің не екенін осы бастан айту керек», – деді.
Сонымен қатар депутат соңғы кездері дипломды сатып алған мұғалімдер балалармен жұмыс жасай алмайды деп ойлайтынын да айтты. Оның ойынша, психолог мамандарды тексеріп барып жұмысқа қабылдау керек екен.



