Қоғам

АЛМАТЫ ТАҒЫ ДА «ВЕНЕЦИЯҒА» АЙНАЛДЫ

Алматыда бірнеше сағат бойы толассыз жауған нөсердің салдарынан қала көшелерін су басты

Жауын суы жиналып, бірқатар көшеде көлік қозғалысы қиындаған. Жаяу жүргіншілерге де жолда жүру қолайсыздық туындатқан.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан көшелердің өзенге айналғанын, ал көліктердің суды кешіп жүргенін көруге болады. Қала тұрғындары жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп, Алматыны Венециямен салыстырды. Кейбірі «Тастақта жаңа локация – бассейн ашылды» деп әзілдесе, енді бірі «Алматы мұндай жауынға әлі де дайын емес» деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, бұл – Алматыда қайталанып отырған алғашқы жағдай емес. Күшті жауын-шашын кезінде қаланың бірнеше көшесін су басу жыл сайын кездесетін мәселеге айналып келеді.

 

Бұған дейін «Қазселденқорғау» мекемесі Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі жоғары екенін ескерткен болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close