Без рубрики

ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне орай қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, елорданың ел дамуындағы айрықша рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы құттықтауында Астананың ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналғанын айтып, бүгінгі таңда заманауи технологиялар енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болғанына тоқталды.

– Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды, – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев елордада тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.

Президенттің сөзінше, қалада жаңа саябақтар, гүлзарлар мен балалар алаңдары салынып, олардың барлығы елорда тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін жасалуда.

Мемлекет басшысы Астананың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заңның қабылдануы бас қаланың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейткенін де ерекше атап өтті.

– Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді, – делінген құттықтауда.

Сөз соңында Президент Астана тұрғындары мен барша қазақстандықтарға амандық, табыс және игілік тіледі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close