ТОҚАЕВ НАЗАРБАЕВТЫ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай құттықтау жолдады.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ Президент еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін бекемдеу жолындағы Тұңғыш Президенттің тарихи миссиясына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Арқа төсіне көшіру туралы шешімнің стратегиялық маңызы зор болғанын айтты.
– Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһарлардың біріне айналып келеді, – делінген құттықтау мәтінінде.
Сөз соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.



