САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖИНАУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Сайрам ауданында қырыққабат жинау науқаны басталады. Қазір шаруалар дайындық үстінде, олар биылғы өнімнің мол болғанын айтып жүр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егіс алқаптарының өнімділігін арттыру, сондай-ақ шаруаларға жан-жақты қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырған еді. Сонымен қатар, Президент агроөнеркәсіпті экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналдырыу қажеттігін де атап өткен болатын.
Дамыған заманда заманауи технологияларды енгізіп, өнім көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы зор. Дәл осы бағыттағы жұмыстар Сайрам ауданында қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Сайрам ауданында қырыққабат жинау науқанына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл аудан бойынша қырыққабат дақылы 616 гектар жерге егілген. Бұл ауданның көкөніс шаруашылығын дамытуға бағытталған жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Қазір егіс алқаптарындағы өнімнің жай-күйі тұрақты бақылауда. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен шаруалары егістіктерді күтіп-баптау жұмыстарын толық жүргізіп, өнім сапасын сақтау бағытында тынбай еңбек етіп жатыр. Агротехникалық шаралар да қолға алынған. Ал шаруалар жинау науқанына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларын алдын ала дайындап, дақылды уақытылы әрі сапалы жинап алуды жоспарлап отыр.
Мамандардың мәліметінше, биыл қырыққабаттың орташа өнімділігі гектарына 237 центнерді құрайды. Соның нәтижесінде жалпы 14 мың 600 центнер өнім алу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш ауданның көкөніс шаруашылығының жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдейді.



