Без рубрики
ӘСКЕРИ БӨЛІМНЕН КЕТІП ҚАЛҒАН САРБАЗҒА ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери полициясы қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен мерзімді әскери қызметшіге іздеу жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2004 жылы туған қатардағы жауынгер Мархан А.Е. 23 шілде күні әскери бөлімнен өз еркімен кетіп қалған. Ведомствоның хабарлауынша, сарбаздың өзімен бірге қару алып кетпегені анықталған.
Қазіргі уақытта әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеу шаралары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы Бас басқармасы басшылығының ерекше бақылауына алынған.
Құзырлы органдар сарбаздың жүрген жерін анықтау бағытындағы жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат жарияланады.



