Без рубрики
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚҚА 384 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Үкімет 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл мақсатқа электр стансаларын жөндеу мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жалпы көлемі 384 млрд теңге бағытталды.

Бөлінген қаражат электр стансаларындағы негізгі жабдықтарды жөндеуге, жылу желілерін жаңартуға және энергетикалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады.
Үкіметтің мәліметінше, қабылданып жатқан шаралар алдағы қыс мезгілінде елді тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ энергия жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.
Жылыту маусымына дайындық аясында өңірлердегі инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі де бақылауда болады. Қажетті жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, тұрғындарды үздіксіз жылу және электрмен қамту көзделіп отыр.



