Без рубрики

ПРЕЗИДЕНТ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Облыс әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған бастамалар туралы баяндады. Сонымен қатар әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды.

Кездесу қорытындысында Президент Атырау облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, инвестициялық белсенділікті күшейтуге және халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close