Без рубрики

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ ҮЙІНДЕ ҚАЗА ТАПТЫ

Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка кентінде кәсіпкер әйелдің отбасына жасалған шабуылдан кейін аса ауыр қылмыс фактісі бойынша тергеу басталды. Оқиға салдарынан әйел көз жұмып, оның жұбайы ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан жергілікті кәсіпкер әйел қаза болған. Оның күйеуі түрлі дене жарақаттарымен Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адамның жағдайы – орташа ауыр.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 23 шілде күні Белоусовка кентінде аса ауыр қылмыс болғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close