Без рубрики

ИРАН БОЛГАРИЯҒА ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Иран Болгарияға АҚШ әскери күштеріне өз аумағындағы әскери базаларды пайдалануға рұқсат бергеніне байланысты қатаң ескерту жасады. Тегеранның мәлімдеуінше, мұндай шешім екі ел арасындағы дипломатиялық шиеленісті одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Иран тарапы бұл жағдайдың бір реттік оқиға емес екенін атап өтті. Ресми Тегеранның пікірінше, Болгария бұған дейін де АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операцияларын қолдау мақсатында өз инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік берген.

Иран билігі мұндай әрекеттерді өңірдегі тұрақтылыққа қауіп төндіретін қадам деп бағалап, Болгарияны сыртқы державалардың әскери бастамаларына араласпауға шақырды.

Әзірге Болгария тарапы Иранның мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берген жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close