Без рубрики
ЕЛШІНІҢ ИІЛУІ ДАУ ТУДЫРДЫ
Қазақстанның Өзбекстандағы жаңа Төтенше және өкілетті елшісі Ералы Тоғжановтың Сенім грамотасын тапсыру рәсімінде түсірілген фотосы әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Кадрда елшінің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен амандасу сәтінде иіліп тұрғаны байқалады. Осы көрініс көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай қимылды дипломатиялық әдептің бір бөлігі деп бағаласа, енді бірі Қазақстан өкілінің мұндай ишара жасауын орынсыз деп сынады. Осыған байланысты фотосурет қысқа уақыт ішінде кеңінен тарап, қызу пікірталасқа себеп болды.
Әзірге бұл мәселеге қатысты Қазақстанның ресми органдары немесе Сыртқы істер министрлігі тарапынан түсініктеме жарияланған жоқ. Рәсімнің өзі халықаралық дипломатиялық хаттама аясында өткен.



