Без рубрики

МЫРЗАХМЕТОВ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТЫЛДЫ

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, жазасының өтелмеген бөлігін пробациялық бақылаумен өтеу туралы шешім қабылдаған.

Сот материалдарына сәйкес, Мырзахметовтің түзеу мекемесінде тәртіпті сақтап, төрт мәрте марапатқа ие болғаны және екінші дәрежелі оң мінез-құлық деңгейі берілгені ескерілген. Сондай-ақ оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тігін шеберханасын ұйымдастырғаны да шешім қабылдауға негіз болған.

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алды деген айыппен ұсталып, кейін сот үкімімен кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оның ісі аясында мемлекетке 7 миллиард теңге көлеміндегі қаражат қайтарылған.

Мырзахметов 2023 жылғы 10 мамырдан бері қамауда болған. Осы уақыт оның жаза мерзіміне есептелді. Қазіргі таңда ол бес жылдық жазаның екі жыл тоғыз айын өтеген. Бұған дейін ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа екі рет өтініш берген. Соңғы өтініші қанағаттандырылып, енді ол жазасының қалған бөлігін пробациялық бақылау аясында өтейтін болады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close