АЛОНСО ДАСТАНҒА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Лондонның «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға беріп, оның болашағына сенім білдірді.

Маманның айтуынша, Дастан өзінің жылдамдығы мен шабуылдағы белсенділігінің арқасында ерекше көзге түсетін ойыншы.
«Дастан мықты әрі өте жылдам ойыншы. Оның ойыны сіздерді әлі де тәнті етеді. Дастанды өткен жылдан, Алматыдан бері білемін. Дастанның ерекше ойыншы екені бірден байқалады. Ол шабуылшы аймағына сәтті еніп, қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіреді», – деді Хаби Алонсо.
Айта кетейік, күні кеше Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты. Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткен жолдастық кездесуде қазақстандық шабуылшы ойынның 6-минутында-ақ мергендік танытып, алғашқы голын соқты.
Бұл нәтиже жас футболшының жаңа клубтағы жарқын бастамасы ретінде бағаланып, жанкүйерлердің де зор қызығушылығын тудырды.



