Без рубрики

ЖОҒАЛҒАН САРБАЗ ТАБЫЛДЫ

Бұған дейін Өскеменде кезекшілік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сарбаз аман-есен табылды. Бұл туралы құзырлы органдар хабарлады.

Мәліметке сәйкес, әскери қызметкер облыс орталығынан шамамен 20 шақырым қашықтықтан анықталған. Алдын ала ақпарат бойынша, сарбаз үйін сағынғандықтан әскери бөлімнен өз бетінше кетіп қалған.

Табылғаннан кейін ол әскери полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екені айтылды.

Аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеру нәтижесінде анықталатын болады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close