Без рубрики

ТАРАЗДА 61 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Жамбыл облысының Тараз қаласында Қытайдың қатысуымен ірі металлургия зауытының құрылысы басталады. Жобаны «Тараз өндірістік комбинаты» мен қытайлық Guangdong Wantai Supply Chain компаниясы бірлесіп жүзеге асырады.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 61 миллиард теңгені немесе 128,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жаңа кәсіпорын жылына 1 миллион тоннаға дейін металл өнімдерін өндіруге қауқарлы болады. Зауытта ыстықтай иленген болат орамдары, тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар, дәнекерленген және мырышталған құбырлар, арматура және басқа да металл өнімдері шығарылмақ.

Жобаның алғашқы кезеңін 2028 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Күтілетін нәтижеге сәйкес, жаңа өндіріс өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады. Сонымен қатар жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы өндірістік және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close