Без рубрики

ЕРЛАН ҚАРИН ТОЙДАҒЫ УАҒЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде тараған тойдағы уағызға қатысты пікір білдіріп, көпшілік алдында өз көзқарасын өзгелерге тықпалау ұлттық құндылықтар мен қоғамдық әдепке сай келмейтінін айтты.

Оның сөзінше, әйелдерді кемсіту, әншілер мен музыка өнеріне қатысты жағымсыз пікір айту қазақ қоғамының болмысына да, ұлттық дүниетанымына да жат.

Ерлан Қарин Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін еске салып, елдің басты қағидаты Конституция екенін атап өтті.

«Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады. Өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою – асыра сілтеушілік. Мемлекетіміз таңдаған жол бұл емес», – деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстанның білім мен ғылымды, өнер мен мәдениетті дамытуға басымдық беріп отырғанын жеткізді.

Ерлан Қариннің айтуынша, көпшілік алдында адамдарды алалау немесе өз пікірін қасақана таңу қоғамдық әдепке қайшы келеді. Ол қоғамда өзара құрмет пен мәдениетті нығайту маңызды екенін айтып, ұлттық болмыс пен елдік ұстанымдарға қайшы келетін мұндай әрекеттерге бірлесіп тосқауыл қою қажеттігін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close