Без рубрики
33 ЖЫЛ ЖЫЛҚЫ БАҚҚАН ҚАРИЯҒА ПӘТЕР СЫЙЛАНДЫ
Ақтөбеде ұзақ жылдар бойы жылқышы болып еңбек еткен Рахат Сәрсембаевқа жаңа баспана берілді. Қарияның жағдайы қоғам назарын аударған еді.

Рахат Сәрсембаев 33 жыл бойы бір шаруа қожалығында жылқы бағып, еңбек еткен. Кейін ол 100 жылқыны ұрлады деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. Алайда арада екі айдан астам уақыт өткен соң апелляциялық сот шешімімен бостандыққа шықты.
Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сонымен қатар қарияның денсаулығы күрт нашарлап, инсульт алып, ауруханаға түскені белгілі болды. Ол сөйлеу қабілетінен де айырылған.
Кейін шаруа қожалығының иесі берген баспанасына қатысты дау туындаған. Осы жағдайлардан кейін қарияға көмек көрсету мәселесі көтерілді.
Бүгін ақтөбелік кәсіпкер, құрылыс компаниясының басшысы Азамат Усимбеков Рахат Сәрсембаевқа пәтер кілтін табыстады.
Қария енді жаңа баспанада тұрып, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік алады.



