Без рубрики

«THE FINIKO» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ

«The Finiko» қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйел Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, күдікті 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Тергеу барысында «The Finiko» компаниясы нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспағаны анықталған.

Қаржы пирамидасына қатысушыларға төлемдер нақты табыс немесе инвестициялық кіріс есебінен емес, жүйеге жаңадан тартылған салымшылардың қаражаты арқылы жүргізілген.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктінің заңсыз әрекетінен қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.

Сотқа дейінгі тәркілеу шаралары аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.

Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам сотталып, олардың мүлкі тәркіленген. Сот үкімімен олар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close