Тәуелсіздікке — 30 жыл

АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ

Қазақтың айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара-пар. Ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл- өнер жарысы, сөз сайысы. Академик – жазушы М.Әуезов айтқандай, «Айтыс – сөз барымтасы». Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы айтыс өлеңдері туды.

Айтыс екі адамның сөз қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. Әдебиет көлемінде өсетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі болып табылатыны да – осы өлең түрінде айтылған айтыстар.

Жақында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Сайрам ауданы ұйымдастырған ретроайтыста айтыс сүйер қауым жүректеріне жыр құйылып, көңілдерін жадыратып қайтты.

Осы айтыс додасында көрнекті айтыс ақыны, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова жүлделі ІІ орыннан көрінді. Әрдайым айтыстың көрігін қыздырып, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген айтыскерге шығармашылық табыс тілейміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close