Тәуелсіздікке — 30 жыл

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ ҮЛГІ ЕЛБАСЫ

Осыдан дәл отыз жыл бұрын еліміз екі ұлы тарихи оқиғаны бастан кешті. Әуелі әлемдік саясатта жаңа есім пайда болып, халқымыз өзінің жаңа көшбасшысын сайлады.

Содан кейін көзді ашып жұмғанша екі апта өтер-өтпес уақыттан соң ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігімізге қолымыз жетті. Бұл екі оқиға да халқымыздың мерейін үстем етіп,арқадан ауыр жүкті түсіргендей болды. Кешегі бабалар арманы мен ұлы мұратының орындалуы,қазақтың қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған елде өмір сүріп,ұлы далаға ешкімнен сескенбей, ешкімге бас ұрмай иелік етсек деген арман-тілегінің ақиқатқа айналуы барша қазақтың қайсар жігеріне қанат бітіріп,келешекке деген талпынысын шыңдай түсті.

Осы екі айтулы күннің бір айда, бір кезеңде орын алуы тегіннен тегін емес. Ол-ел тірегіне айналған Елбасымыз бен рухани құндылығымызға баланатын Тәуелсіздігіміздің егіз ұғым екенінің айғағы. Себебі Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы еліміз жаңа дәуірге қадам басып,дербес мемлекетке айналды. Ал жаңа көшбасшыны тағайындаудың арқасында халқымыз бұрын-соңды болмаған тарихи бетбұрыстардың куәсі болды. Олай дейтінім, расында да Елбасы талай қиын-қыстау замандардан туралап,болашаққа деген үміті үзілуге айналған қалың жұртты қолтығынан демеп,үміт отын қайта жақты,халықты дұрыс жолға бағыттап,кемел елдің көшін бастады. Кемеңгер басшымыздың арқасында елдігімізді бар әлемге паш етіп,егемендігімізді төрткүл дүниеге мойындаттық.Ешкімге бағынбайтын ел екендігіміздің бұлтартпас айғағы саналатын Мемлекеттік Рәміздерімізді жариялап, рухани байлығымыз бен ұлттық нақышымызды символға айналдырдық.

Өзге елдермен бейбіт қарым-қатынас құрып,әлемдік аренаға шығу жолында да игі бастамалар орын алып,көптеген маңызды ұйымдардың қатарынан табылдық. Мұның бәрі кімнің арқасы,кімнің еңбегінің нәтижесі дегенге жауабымыз да,ерекше құрметпен,мақтанышпен атын атап,түсін түстеп бере алатын тұлғамыз да айқын. Ол-ерен еңбек пен ерліктің иесі,ел тірегі-Елбасымыз.

Елбасымыздың әрбір шешімі, бастамасы- парасаттылық пен көрегенділіктің айқын көрінісі. Оған дәлел- Президентіміздің тіпті бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған тарихи мәні зор шешімі.Ол халыққа талай жылдар бойы айтарлықтай кесапатын тигізген ядролық қарудан бас тарту идеясы еді. Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Барак Обама «Президент Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлем» жобасы әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан-ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып,әлемдегі ең бейбіт,тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісіне айналды» дегендей аталмыш жоба ТМД мемлекеттерінің арасындағы ядролық қаруға қарсы тұңғыш бастама,жаңа құрылған мемлекет үшін айтарлықтай айқын қадам,тың серпіліс болды. Бұған қарап біз Елбасының ел басқару ісіндегі оңшыл саясатын,осы жолдағы ешкімге есе бермес даралығын танимыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close