Қоғам

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Түркістан облысы жылы климатты өңір болғанымен кей аудандарда қыс қатты болады. Әсіресе, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарындағы асуларда қытымыр аяздың қысатыны бар.

«Төмен температура» деген не? Төмен температура ауа райының жағдайына сәйкес болады, төмен температура кезінде судың, ауаның температурасы төмендейді, қиын табиғи жағдайлар туындайды: күшті жел, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, аяз, қарлы боран, күртік.
Аяз деп ауа температурасының 0°С-ге жуық және одан да төмен түскен кездегі ауа-райы жағдайын айтамыз.

Қатты аяз кезінде адам организмінің ішкі температурасы төмендейді, физиологиялық және биохимиялық үдерістері бұзылады.

Ауаның төмен температурасы өте қауіпті!

Аяз кезіндегі өмірдің ұзақтығы қоршаған ауа температурасына, оның ылғалдылығына, желдің жылдамдылығына, жылы киімнің, аяқ киімнің, бас киімнің, үй-жайдың, азық түліктің, отын қорының болуына, адамның физикалық және моральдық жағдайына байланысты.

Ауа температураның төмендеуі адам денесіне едәуір зардап әкеледі.

Кім суыққа сезімтал?
  • ауру адамдар,
  • қарттар,
  • балалар.
Далада ауа температурасы төмендегенде не болады?
  • қол, аяқ тоңады
  • зейін концентрациясы және қимыл белсенділігі төмендейді,
  • сылбырлық және ашушаңдық пайда болады,
  • естен тану болуы мүмкін.
Төмен температура кезінде организмге не болады?
  • қатты тоңу,
  • үсікке шалдығу.

Қолдардың қозғалуы және қолдар мен саусақтардың температуралық

көрсеткіштерінің әр түрлі деңгейлері: жалпы байланыстары және өзара іс-әрекеттері

32-36°C Қол саусақтарының ең жақсы қозғалуы

27-32°C Саусақтардың қозғалысына, жылдамдығына әсер ету

20-27°C Ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қабілетінің, төзімділіктің төмендеуі

15-20°C Ірі заттармен жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, саусақтардың ауырғанын сезіну

10-15°C Жалпы бұлшық ет күші мен қозғалыстың әлсіреуі

  • °C Тері қабатының сенсорлық және температуралық рецепторларының жабылуы

<10°C Қолдардың өз сезімталдылығын жоғалтуы, қарапайым қимылды жасау қабілетінің төмендеуі

<0°C Ұлпаның үсікке шалдығуы

ОРГАНИЗМНІҢ ҚАТТЫ ТОҢУЫ

Организмнің қатты тоңуы деген не?

Адам организмінің қатты тоңуы суық ауаның ықпалы негізінде туындайды, бұл кезде дененің температурасы төмендейді. Организмнің қатты тоңуы көбінесе ауа температурасы 0 + 5 °С болған кезде туындайды.

Қатты тоңудың себебі не?
  • төмен температура,
  • ауаның жоғары ылғалдылығы,
  • жел,
  • жылы жайдың және жылы киімнің жоқтығы,
  • азықтың тапшылығы,
  • организмнің құрғауы,
  • қозғалыстың жоқтығы,
  • ауру.
Организмнің тез қатты тоңуына не әсер етеді?
  • қалжырау,
  • эмоционалдық күйзеліс (стресс),
  • қанның аздығы,
  • жарақат.
Оқушылардың қатты тоңуы қай кезде басталады?
  • ұзақ уақыт суық ауада болғанда,
  • суық желде, аязда,
  • дымқыл ортада,
  • қарда,
  • суық суда,
  • суық бөлмеде.
Қатты тоңудың және үсікке шалдығудың бірінші белгілері:
  • діріл,
  • бүрісу,
  • «қаз тері»,
  • адам терісінің ағаруы,
  • әлсіздік,
  • ұйқышылдық,
  • бас ауруы, бас айналу,
  • жиі зәр жіберу,
  • әлсіреген, сыртқы дем,
  • аяқ-қолдарды денеге қарай тарту, бүгілу,
  • дене температурасы 36°С төмендеу.
Суық (мұздай) суда болғанда, адам организм қандай жағдайда болады?
Организмнің қатты тоңуы төмендегі судың температурасы кезінде болады:
  • 10 18 градус (°С): адамның қатты тоңуы организмнің суыққа төзімділігіне және бұлшық ет белсенділігіне байланысты әр түрлі кезеңде дамуы мүмкін;
  • 10 градус (°С): 2 сағатқа дейін, егер дұрыс жүзсе және дұрыс қалыпты ұстанса, 4 сағатқа дейін;
  • 10 градустан төмен (°С): киімсіз адам тез қатты тоңуға шалдығады және ол қиын сипатта өтеді;
  • 8 градустан төмен (°С): киімсіз адамда рефлекторлық шок және тез өлім пайда болады.
Суық ауа-райы кезінде далаға шығар алдында қатты тоңудан өзіңді қалай қорғауға болады?
1.   Жақсылап тамақтанып ал.
  1. 2 – 3 кесе ыстық шәй ішіп ал.
3.   Жылы киініп ал, бірақ қымтанып киінбе.

Киім денені қатты қымтамауы керек, ол құрғақ, жеңіл, көп қабатты және міндетті түрде табиғи матадан болуы керек.

Міндетті түрде ылғалдылықты және желді өткізбейтін матадан жасалған, ішінде жүні бар малақай, қолғап, бөкебай кию керек.

Сыртқы киім міндетті түрде су өткізбейтін болу керек.

Аяққа – еркін сыйып тұратын етік және жүннен жасалған шұлық. Аяқ киімді өз өлшемінен бір-екі өлшемге үлкен алу керек, ол жақсы қан айналымын қамтамасыз етеді және үсікке шалдығудың алдын алады. Аяқты жылыту үшін жұмсақ киізден, пішеннен, шөптен, бахиладан жасалған ұлтарақтар қолданылады. Аяққа жүннен жасалған шұлық киген дұрыс.

4.   Аязда металлдан жасалған (алтын, күміс) әшекейлерлі (сақина, сырға және т.б.) тақпа.
  1. Беттің ашық жерлеріне глицерин жақ.
  2. Ауа температурасы -25 °С немесе одан да төмен болса, далаға шықпау керек.
Суық ауа-райы кезінде далада қатты тоңудан өзіңді қалай қорғау керек?
  1. Жылы жерге оралу керек. Жылы киім киіп алу керек. Дененің ашық жерлеріне суықтың әсер ету уақытын азайту керек.
2.   Үздіксіз қозғалыстар жасау керек.
  1. Дененің ашық жерлерін бақылау керек, үсікке шалдығудың бастапқы үдерісін анықтай алу керек, көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қолдана білу керек.
  2. Дененің тоңған ашық жерлерін дененің жылы бөліктерімен түйісу арқылы жылыту керек: қолды қолтықтың астына немесе аяқ арасына қою, қолды құлаққа, мұрынға, бетке қою.
  3. Ыстық шәй ішіп алу.

ҚАТТЫ ТОҢУ КЕЗІНДЕГІ БІРІНШІ КӨМЕК

  • Суық судан, қардан, суық ғимараттан, ашық желді кеңістіктен, суық, су жерден тез арада адамды алып шығу.
  • Зардап шеккенді жылыту.
  • Су киімді шешіп құрғақ, жылы киім және бас киім кигізу, қосымша жылы көрпеге орап қою.
  • Ыстық су беру.
  • 20-22 °С температруалы суы бар ваннаға жатқызу, ол суды біртіндеп 36-тан 40 °С-ға дейін жеткізу. Тіпті адам денесінің жы- луын пайдалануға болады. Ол үшін зардап шегушінің жанына жатып, оған қапсыра құшақтау керек.
  • Дәрігер шақыру немесе ауруды ауруханаға апару.

ҮСІККЕ ШАЛДЫҒУ

Үсікке шалдығу деген не?

Организмнің үсікке шалдығуы, көбінесе, суықтың ықпалымен қоршаған ортаның температурасы −10°С төмендеген кезінде туындайды. Бұл кезде адам денесінің кейбір жерлерінде ұлпалардың қабынуы және өлуі пайда болады. Көбінесе, ол ашық жерлер: қолдың буыны, бет, мойын, аяқ.

Ауа ылғалдылығы жоғарылаған сайын және ауа температу- расы төмендеген сайын зақымдану тез жүзеге асады.

Адам организмінің ауа температурасына реакциясы:
  • −30 °C төмен: жасушалар өлімге шалдығады;
  • −10-нан −20 °C-қа дейін: қан айналымы бәсеңдейді, ұлпалық ферменттердің іс-әрекеттері тоқтайды, ұлпаларға кислородтың түсуі баяулайды.
Тез үсікке шалдығуға не әсер етеді?
  • Ауа-райының жағдайы: аяз, ылғалдылық және жел.
•      Аяқ-қолдардың жылу изоляциясының жағдайы:
  • қысып тұратын аяқ киім,
  • ұзақ уақыты бойы қозғалмау,
  • қолда бір затты ұстап тұруға мәжбүр болу.
•      Организмнің жалпы жағдайы:
  • әлсіреген организм,
  • жарақаттар,
  • қан жоғалту,
  • азықтың тапшылығы,
  • шаршау және стресс.
•      Қан айналымының әр түрлі бұзылуы:
  • аяқ-қол аурулары,
  • капиллярларды, ірі қан тамырларына зиянын тигізетін әр түрлі жүйелі аурулар.
Үсікке тез шалдығуға не әсер етеді?
  • су, дымқыл киім мен аяқ киім,
  • дұрыс тамақтанбау,
  • ыстық тамақтың жоқтығы,
  • жылыну мүмкіншілігінің жоқтығы,
  • қажығандық,
  • қан жоғалту,
  • ауру.
Үсікке шалдығу қашан басталады?
  • ұзақ уақыт бойы суық мезгілде болған кезде,
  • суық желде, аязда,
  • ылғалды ортада,
  • қарда,
  • суық суда,
  • суық жерде, ғимаратта.
Үсікке шалдығудың бірінші белгілері:
  • суықты сезіну,
  • тері қызырады, содан кейін ағарады және өзінің сезімталдығын жоғалтады,
  • шаршау, шырмаушылық, ұйқышылдық және парықсыздық сезімдерінің пайда болуы,
  • тыныс алудың және қан айналымының тоқталуы.
ОРГАНИЗМНІҢ ҮСІККЕ ШАЛДЫҒУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ:

I деңгей  (жеңілдірек): жалғастырмалы емес суықтан басталады.

Бірінші белгілер:

  • күйгенді, шаншуды сезіну, зақымданған жердің қатайып қалуы;
  • терінің қышуы, ауыруы.
  • деңгей: суықтың ұзақ мерзімді ықпалы кезінде болады.

Белгілері:

  • тердің ағаруы,
  • температураның төмендеуі,
  • сезімталдылықтың жоғалуы,
  • зақымданған жерлерде іші мөлдір сұйықтыққа толы күлдіреген томпақшалардың пайда болуы.
  • деңгей: суықтың әсер ету кезеңінің ұзақтығы және ұлпадағы температураның төмендеуі.

Белгілері:

  • пайда болған қаптардың іші қанға толады, түбі көгілдір- қызғылт болып келеді,
  • терінің элементтері өледі және зақымданған жерлерде кейін түйірлер мен тыртықтар қалады,
  • түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді, тіпті, өссе де фор- малары өзгеріп кетеді.
  • деңгей: суықтың ұзақ мерзімді ықпалы кезінде болады және ұлпадағы температураның төмендеуі неғұрлым көп болады.

Белгілері:

  • ұлпаның барлық қабаттары қатайып кетеді, кейде сүйектер мен буындар зақымданады,
  • зақымданған жер көкпең-көк болып тұрады, кейде мәрмәрлі түсті болады,
  • жылытқан кезде зақымданған жер тез ісініп ұлғаяды.
Суық ауа-райы кезінде үсікке шалдығудан организмді қалай қорғауға болады?
  • Суықтан тасалану.
  • Қолтықтың астына қолды салып жылыту.
  • Бетті, мұрынды, құлақтарды құрғақ қолғап киілген қолдарыңызбен жылытыңыздар.
  • Зақымданған жерлерді ысқыламаңыздар.
  • Ешқашан үсіп қалған жерлеріңізді қармен ысқыламаңыздар.
  • Үсінген жерді қайтадан қатты тоңуына жол бермеңіздер, ол теріні одан бетер жарақаттайды.
  • Егер де үсінген жерлерді жылытқан кезде олардың сезімталдылығы орнына келмесе, медициналық көмекке жүгініңіз.
Егер жақын уақытта кәсіби көмек көрсетілмейтін жағдайда не істеу керек?
  • Жылы жерге кіріңіздер.
  • Аяқ-киімдеріңізді, шұлықтарыңызды, қолғаптарыңызды шешіңіздер.
  • Зақымданған жерді мүмкіндіктеріңіз болса t 20-22°С суы бар ваннада жылытыңыздар. Зақымданған жер қызара бастаған кезде судың температурасын 36-дан 40 °С дейін 15 минуттың ішінде көтеруге болады.
  • 30 минуттан кейін теріні сүртіп, бақайлардың арасына мақта мен дәкені салып (мақта дәкеге оралу керек), аяқты дәкемен орап тастаңыздар, содан кейін емханаға барыңыздар.
  • Бет пен құлақтарды үсікке шалдыққан кезде оларды қолмен не- месе жұмсақ матамен жылытып, спиртпен және вазелин майымен тазалаңыздар.
  • Ыстық шәй немесе кофе ішіңіздер, жылы көрпеге оранып алыңыздар.
  • Егер үсікке шалдыққан жерде томпқшалар пайда болса, онда міндетті түрде емханаға бару керек.

Қатты тоңғанда не істеу керек

Дәрігерлер ауа райы суық кезде көшеде мүмкіндігінше аз уақыт жүруге кеңес береді

Қатты тоңудың белгілері мен білінулері

(Жылыну алғаннан кейің, өның әсерету ұзақтығы 6-12 сағатқа дейің байқалуы мүмкің)

Сезімталдықты жоғалту

Шаншу немесе бүрісуді сезіну

Терінің ағаруы — қатты тоңудың 1 деңгейі

Күлдіреген томпақшалар — қатты тоңудың 2 деңгейі

Терінің қараюы және жансыз- дануы — қатты тоңудың 3 деңгейі

Қатты тоңғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Суық жерден кету. Аязда тоңған жерлерді ысқылау немесе жылыту нәтиже бермейді және қауіпті.

Зақымдалған жерге жылуды ұстап тұратын таңғыш салу, мысалы, дәкенің, содан кейін мақтаның қалың орамдары, оның үстіне кленка салып, жүн матамен байлап қою.

Қатты тоңған қолды немесе аяқты ваннада судың температурасын біртіндеп 20 дан 40 градуске дейін көтеріп, ақырындап 40 минуттай сипап отырып, жылытуға болады.

Жылы және тәтті шәй ішу керек.

Жалпы денсаулық жағдайы мен қатты тоңған жерді бір тәулікке дейін бақылау қажет. Қатты тоңудың 2-ші және 3-ші деңгейлерінің белгілері білінсе, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Үсік алған кезде қандай әрекеттер жасамау керек?

Зақымданған жерді қармен ысқылауға болмайды (саусақтар мен табандағы қан тамырлары өте нәзік, сондықтан олардың зақымдануы мүмкін, ал теріде туындаған тыртықтар жұқпа енуіне ықпал етеді).

Зақымданған аяқ-қолды отта немесе ыстық судың көмегімен тез жылытуға болмайды (бұл зақымдалған ұлпалардың бұзылысын тереңдетіп, тамырларда қан ұюына ықпал етеді).

Алкогольді қолдануға болмайды (ол тамырларды кеңітеді және жылынған сияқты сезім тудырады, ал шындығында жылытпайды).

Мұз жарылып кеткен жағдайда не істеу керек?

  • Сабырлық сақтаңыздар.
  • Үрейленбеңіздер.
  • Көп күш кететін ойластырылмаған іс-әрекеттерді жасамаңыздар.
  • Құлап бара жатқан кезде қолдарыңыздағы заттарды (сөмке, жолқапшық және т.б.) тез арада лақтырып тастаңыздар және қолдарыңызды екі жаққа қарай созыңыздар.
  • Құрғақ киім судың бетінде қалқып тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан киім толық суланбай тұрғанда мұздың үстіне тез шығып кетуге тырысыңыздар.

МҰЗДЫҢ АСТЫНА ҚҰЛАП КЕТКЕННЕН КЕЙІН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?

1.   ДҰРЫС ТЫНЫС АЛУ

Суға түскеннен кейін кислород жетпеу салдарынан адам тез және ауыр дем ала бастайды. Сондықтан, терең және баяу дем алу керек.

Адам қатты дірілдеп, дененің ауырғанын сезінуі мүмкін. Естеріңізде болсын, бұл адам өміріне қауіпті емес!

2.   БАҒДАР

Келе жатқан жаққа бұрылу керек. Өйткені ол жақтағы мұз берік болды. Сондықтан, қайтар жолда ол адамды көтере алады. Тіпті, мұндай жағдайда басқа амал жоқ.

3.   ЖИНАҚТАЛУ ЖӘНЕ КҮШ АЛЫП ЖЫЛЖУ

Қолдарды алдыға қарай созып мұздың жиегіне қарай денені жоғары көтеріп тербелу, бұл кезде кеуде мұздың бетінде болады. (Осылай, егер адам есінен айырылса, ол астыға қарай ысырылмай, мұздың үстіне құлайды).

Содан кейін адам қолдарымен алдыға қарай созылып «дель- фин» сияқты аяқтарымен қозғалу керек.
  1. ҚАЛЫПҚА КЕЛУ

Мұздың үстіне тез тұруға болмайды, өйткені оның шеттері жұқа болуы мүмкін. Содан кейін байыппен жағаға қарай жылжу керек.

Аяқ-қолды ысқылауға болмайды. Ыстық сусындарды ішуге болмайды.

Шешініп, жылы көрпеге орану керек, содан кейін ғана кофеинсіз жылы сусынды кішкентай жұтымдармен ішуге болады.

МҰЗДАЙ СУҒА ТҮСІП КЕТПЕУ ҮШІН ҚАНДАЙ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҰСТАНУ КЕРЕК?

  1. Суық кезде су айдынының жанында өте сақ болыңыздар. Тіпті, өзеннің немесе көлдің үсті қалың мұз болып тұрса да, олардың үстімен жүруге асықпаңыздар. Әсіресе, күздің аяққы күндері мен көктемнің алғашқы күндері сақ болыңыздар.
  2. Жұқа, қатпаған мұздың үстімен жүрмеңіздер. Егер де осындай мұздың үстіне тап болсаңыздар, айнымалы қадамдармен артқа қарай қайтыңыздар.
  3. Берік, қауіпсіз мұз – тұнық мұз, оның қалыңдығы 4 – 5 см- ден аз болмауы керек. Сүт сияқты ақ түсті мұз тұнық мұзға қарағанда әлсіз. Ең қауіпті мұз – қатып қалған қардан пайда болған қуысты, тесікті мұз.
  4. Суға батқан бөренелердің, қамыстардың, ағыстардың жанындағы мұз әрқашан да әлсіз.
  5. Жылымық кезде бірінші аяздардан кейін мұз жұқа болады. Әсіресе, қармен қылаулы мұз өте қауіпті.
  6. Бүкіл қыс бойы өзендер мен ағындардың сағаларында мұз берік болмайды.
  7. Егер мұз жарыла бастаса сабырлылық сақтаңыздар, үрейленбеңіздер, тез, сонымен қатар, баяу мұздың үстіне жа- тып қауіпсіз жерге сырғыңыздар.

ҚАРЛЫ БОРАСЫН КЕЗІНДЕ ҮЙДЕ БОЛСАҢЫЗДАР

  • Су, азық-түлік, отын қорын дайындап қойыңыздар.
  • Радиоқабылдағыш, теледидар ылғи қосулы тұрсын.
  • Апаттық жарықты: электр қолшамдарын, шырағданды, керосин шамын дайындап қойыңыздар.
  • Тұрғын жерді жылытып қойыңыздар.
  • Жануарлар үшін жем мен судың қорын дайындап қойыңыздар.

ЕГЕР ДЕ ҚАРЛЫ БОРАН (БОРАСЫН) КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІКТІҢ ІШІНДЕ БОЛСАҢЫЗДАР, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

  • Сырыққа (антенна) ашық түсті матаны іліп, көмек сұрау белгісін беріңіздер.
  • Оқтын-оқтын автокөлікті жылытып отырыңыздар, өйткені жолда қанша уақыт болатындарыңыз белгісіз. Сондықтан, аккумулятордың қаутын үнемдеу керек.
  • Оқтын-оқтын автокөліктің есігін қардан тазалау үшін ашып тұрыңыздар, әйтпесе қар шығу жолын жауып тастауы мүмкін.
  • Жылы киімдермен бүркеніп, бір біріңізге жақын отырыңыздар.
  • Ыстық шәй ішіңіздер.
  • Радиоқабылдағыш арқылы шұғыл хабарды тыңдаңыздар.
  • Бораннан кейін көшелер мен жолдарды қардан тазалауға көмектесіңіздер.
  • Қар көшкіні болуы мүмкін жерлердегі ескертппе белгілерге на- зар аударып жүріңіздер.

СУЫҚТА ҚАНДАЙ КИІМДЕР КИЮГЕ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУ КЕРЕК

Жүн матадан немесе теріден тігілген бас киім (мұндай бас киімдер жылуды жақсы сақтайды)

Жылы жоғары жағасы бар киім және қалың жүн мойынорағыш (олар суық кезде жоғары тыныс алу жолдарын тоңудан сақтайды)

Ұзын мамықтан жасалған киім, ішік немесе теріден тігілген тон

Астарына тері салынған былғары қолғап немесе табиғи жүннен тоқылған қолғап

Тар емес аяқ киім (тар аяқ киім аяқтағы қан айналысын бұзады және аяқтың қатты тоңуына ықпал етеді)

Тамақтану

Күнделікті:

Жеміс пен жидектер (таза немесе дайындалған)

Ет, құс еті, балық (қайнатылған, қуырылған, бұқтырылған түрінде)

Ыстық сорпалар (еттің сорпасы) және ыстық сусындар (жаңа піскен немесе кептірілген жемістерден дайындалған кампоттар, шәй, шөп тұнбалары)

Сары май, сүт тағамдары (сүзбелер, ірімшік, қаймақ, йогурттер)

Аптасына үш реттен кем емес:

Дәнді дақылдар (қарақұмық, бадана, асбұршақ, жасымық, сұлы)

Крахмалы бар тағамдар (картоп, макарондар, күріш)

Қысып тұратын киім кимеңіздер (еркін киім мен денеңіздің арасындағы ауа қатты тоңудан сақтайды)

Киім таңдағанда табиғи маталарға көңіл бөліңіз, синте- тика маталардан мүмкіндігінше аулақ болыңыз.

Қысқа юбка, белі төмен және жұқа шұлық киюден бас тартыңыз. Жүн матадан шұлықтар және белі жоғары тігілген шалбарлар киіңіз.

Шалбардың ішінен жылы ішкиім кию керек.

ӨМІР СҮРУ ҮШІН КЕРЕК ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Сақ бол! Су айдынынан үлкендермен бірге өтуге тырысыңыздар.
  2. Егер мұз шытынаса және қайыса бастаса, тез арада тоқта және ақырын, сызылмалы қадамдармен мұздан аулақ кет.
  3. Аяғыңның соққыларымен, таяқпен және т.с.с. тәсілдермен мұздың беріктігін тексерме.
  4. Конькимен арнайы жасалған алаңда – мұз айдынында сырғанау керек.
  5. Естеріңізде болсын! Желден ашық жерлердегі, көпірлердің астындағы, ағыстардың жанындағы мұз әрқашан да әлсіз.
  6. Бекерден бекер аязды күндері үйден шықпаңыздар.
  7. Аязды күндері далаға сулы шаштарыңызбен шықпаңыздар.
  8. Далаға ұзақ уақытқа шығатын болсаңыздар, өздеріңізбен бірге қосымша бірнеше шұлық, қолғап және ішінде ыстық шәйі бар термосты алып шығыңыздар.
  9. Аязды күні далаға шығарда жақсылап тамақтанып алыңыздар– сіздерге қуат керек болады.
  10. Аязды күні далада жүрсеңіздер, әр 15–20 минут сайын жылы жерге оралып, жылынып тұру керек.
  11. Аязды күні металлдан жасалынған заттарды қолмен ұстауға болмайды.
  12. Далада көп жүргеннен кейін үйге қайтып келгеннен соң, мұқият аяқ-қолдарыңызды, беттеріңізді, мұрындарыңызды, құлақтарыңызды тексеріңіздер. Ескерілмей қалған үсікке шалдыққан жерлер кейін іріңдеп кетуі мүмкін, тіпті, кейбір жағдайларда олардан айырылып қалуға да болады.
  13. Беттеріңіз тоңып қалса, қармен емес, таза қолдарыңызбен не- месе жұмсақ матамен жылытыңыздар. Содан кейін спиртпен және вазелинмен залалсыздандырыңыздар.
  14. Желден қорғаныңыздар – желде тез үсікке шалдығып қалуға болады.
  15. Терілеріңізді суламаңыздар – су ауаға қарағанда жылуды тез өткізеді.
  16. Егер адам суға құлап қалса, оның су киімдері мен аяқ киімін шешіп, мүмкіндігінше оған құрғақ киім кигізу керек және оны жылы жерге апару керек.
  17. Суықтан қорғануға арналған ең сенімді жер қардан жасалған баспаналар болып табылады: үңгірлер, траншеялар, індер, апандар, лашықтар.

    ҮСІК ШАЛУ

    Үсікке шалдығудың белгілері мен білінулері:
    • зақымданған жердің сезімталдығы жоғалады;
    • сіресіп қалу;
    • терінің сұр түсі;
    • терінің ұстағанда суық болуы;
    • тері түсінің өзгеруі (қызаруы,сарғаюы,бозаруы және көгеруі).
    Үсік шалғанда алғашқы көмек көрсету:
    1. Гипотермия кезіндегідей көмек көрсетіңіз.
    2. Зақымданған бөлікті біртіндеп жылытыңыз. Зақымданған бөлікті ешқашан ысқыламаңыз, өйткені бұл қосымша жарақаттар туындатады;
    3. Жылытуға жылытқышты қолданбаңыз, зақымданған жерді жылу құралдарына жақындатпаңыз және өте ыстық суға салмаңыз.
    4. Жылыту үшін жылы құрғақ киімді, өз денесінің жы- луын пайдалануға болады, үсіген аяқ-қолды бөлме температурасындағы, біртіндеп 40-42ºС. жеткізіп суға салуға болады.
    1. Үсіген жер қызарғанша және ұстағанда жылы болғанша жылы- туды жалғастыра беріңіз.
    2. Зақымданған жерді құрғақ таза салфеткамен байлаңыз, оның үстінен қалың мақтамен жауып, барлығын жүн матамен бекітіңіз.
    3. Саусақ немесе аяқ үсігенде араларына мақта немесе дәке салыңыз.
    4. Пайда болған көпіршіктерді теспеңіз.
    5. Барынша тез арада дәрігерге апарыңыз.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close