КҮН ӨТУ ЖӘНЕ ЫСТЫҚ ӨТУ
Күн өту және ыстық өту- организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен және эндокринді аурулармен ауырған адамдарға қызу өткіш келеді.
Әсіресе, шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді. Күн өту көбінесе, ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден болады. Әсіресе ыстыққа төзімсіз немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын (құрылыс алаңдарында жұмыс істейтін) адамдарға күн жиі өтеді. Сондай-ақ күн сәулесімен нашар шағылысатын қара-қоңыр түсті киім немесе ауа өткізбейтін және тердің булануына бөгет жасайтын киім де организмге ыстық өтуіне себепші болады. Жабық бөлмеде де жоғары температурада және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін.
Күн өту және ыстық өтудің белгілері
Сырқаттың жеңіл дәрежелі түрінде:
әлсіздік;
бас ауыру;
жүрек айну;
дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі;
дененің терлеуі.
Сырқаттың орташа дәрежелі түрінде:
еңсенің түсуі;
бастың қатты ауыруы;
лоқсу және құсу;
құлақтың бітуі;
қорғаншақты қозғалыс;
дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі;
кей кездері — талып қалу.
Алғашқы жәрдем
Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн. Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып, үстіңдегі тар киімін шешу керек. Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн. Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды — тұзды салқын суды, салқын шайды, кофені көбірек ішкен дұрыс. Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға
малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір
спиртін искетеді, оттегін жұтқызады, денесін ысқылайды. Дәрігер келгенге дейін бір шай қасық кордиамин, 10 проценттік кофеин ерітіндісінің екі ампуласын ішкізуге болады. Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек. Алғашқы жәрдем Сырқаттың жеңіл және орташа дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілсе науқас адам тез қалыпты жағдайына келеді. Ал ауыр дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды.
Үсік шалу дегеніміз төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануы.Сіздің іс-әрекетіңіз:
Адамды жылы көрпеге ораңыз.
- Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз.
- Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша уқалау.
- Ал егер өзіңіз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.
Электр тоғы немесе найзағайдың соғуы:
Тұрмыстық электр приборларын олақ пайдалану немесе аңдаусыз ұстағанда адам ток зақымдауы мүмкін.Электр тогының соғуынан алған зақымдану жеңіл болған жағдайда сым тиген жер қызарыс ауырады (күйеді), зақымданған адамның өңі қуарып, бойын үрей билейді. Ауыр зақымданған жағдайда күйік ұлғайып, тоқ ұрған жердегі дененің терісі қарайғаны байқалады,адам талықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтал қалуы мүмкін. Зақымданудың ауырлығы, негізінен, токтың күшіне және оның ұру ұзақтығына байланысты. Алғашқы көмек көрееткенде ең алдымен электр тоғының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы тартқанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолына (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғын (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру).
Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі қазіргі мемлекеттің рөлі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі азаматтық сана-сезім деңгейінің, адамгершіліктің және қоғамның барлық мүшелері мәдениетінің маңызы. Ғылыми- техникалық прогрестің, қөоғамның игілігі мен зияткерлік потенциалы өсуінің табиғи және техногенді сипаты пайда болатын алапаттар санының және олардан келетін зиян масштабтарының ұлғаюына әсері. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының маңыздылығы. Қазіргі өндіріске тән ерекшеліктер, қауіпті және зиянды факторлардың құрылу аймақтары. Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары, олардың адамдарға әсерін бағалау. Адамдар арасында өрт деген олардың кінасынан болмайтын дүние сияқты болып көрінеді. Бірақ өрттердің жартысынан астамы адам кінасынан болады. Сондықтан барлық адамдар өрт қауіпсіздігін білуі керек.
Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек
Күйік ауыр болса зардап шегуші өмірі қабылданған дұрыс іс-шараларға тәуелді болады. Сондықтан «Жедел жәрдем» қызметі жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Күйіктің төрт деңгейі болады:
1 — Терінің қызаруы, домбығу;
2 — Көпіршіктердің пайда болуы;
3 — Күйік орнында қабыршақ пайда болады;
4 — Терінің көмірленуі;
1 және 2 дәрежелі күйік кезінде күйік шалған жрді 10-15 минут аққан суға ұстап, соңынан таза матамен жауып қою керек. 3 және 4 дәрежелі күйік шалған жерді дымқыл матамен жауып қою керек. Медициналық көмек көрсетілмесе жарақат соңы ауыр болуы мүмкін.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Күйік орнына жабысқан заттарға тиіспеңіз. Сонымен қатар, ол жерге крем, лосьон жағуға, көпіршіктерді тесуге болмайды. Зардап шегушіні орындыққа отырғызыңыз не еденге, диванға ыңғайлы орналасуға көмектесіңіз. Дереу жедел жәрдем шақырыңыз. Қажет болса зардап шегушінің күйген жерлерінен артық заттарды (сағат, сақина, аяқ киім және т.б.) шешіп тастаңыз. Киімдерге теріге жабыспаған кезде ғана шешуге болады. Жедел жәрдем қызметін күтіңіз.