ӨРТ СӨНДІРУ ЖҮЙЕСІ
Өрт сөндіру жүйесі — сорғы станциясындағы өртті дер кезінде байқау және оны сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киз және т.б.) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені.
Егер ғимарат көлемі 2000 м3-дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен қағидалары бойынша
карастырылмайды. Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 л/сектан төмен болса, үлкен сорғы станцияларында суға толтырылған резервуаларар немесе өртке қарсы тұрақты су құбыр желілері қарастырылады. Ғимарат көлемі 50 мың текше метрге дейін, ал қоршауы I және II дәрежедегі отқа төзімді және өндіріс категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 л/сек-ке дейін жетеді. (Г— жабық тарату қарылғысы, май толтырылған аппаратура, сыйымдылығы 60 кг-нан аспайды; Д — май машиналары залы; Е — аккумулятор және қышқыл сақталынатын бөлме). Егер I және II дәрежеде отка төзімділік кез келген көлемде, өндіріс категориясы Г және Д, I—IV дәрежеде отка төзімділік көлемі 5000 текшеметрден төмен болса, онда сорғы станциясы ғимараттарында ішкі өртке қарсы су құбыры желісі құрылыс карталары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сорғы станция ғимараты, коршау категориясы А, Б, В, (кабельді бөлме және жабық тарату құрылғысы толтырылған аппаратура, май көлемі 60 кг-ға дейін), ғимарат көлемі 0,5—5000 м3 және су өтімі 5 л/сек.; ғимарат көлемі 5000—50000 м3 болса, онда әрқайсысының су өтімі 2,5 л/сек. келетін екі ағынша қарастырылады.
ӨРТКЕ ҚАРСЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Өртке қарсы сумен жабдықтау құралы — ол өрттерді сөндіру үшін әр түрлі тұтынушылардың сумен қамтамасыз ету бойынша жиынтық іс- шарасы. Өрт ісінде ең негізгі проблема — бұл өртке қарсы сумен жабдықтау құралы. Қаланың және өндірістік кәсіпорындардың жағдайларын өркендету барысында, өртке қарсы қорғау жүйелеріне мән беру қажет, өйткені олардың жобаларында, құрылыстарында, суды өткізу реконструкциясында тек қана шаруашылық, өндірістік жағдайларды қамтамасыз ету ғана емес, онда өртке қарсы жағдайларды қарастыру туралы да байқалған. Өртке қарсы ең негізгі талаптар, өрт сөндіру кезінде судың нормативті көлемі арқылы түсетін арнайы қысымын қажеттілік етеді. Қалада өрттерді сөндіру мақсатында суды арнайы су құбыры желісінде орналасқан өрт гидранттарынан, өрт сөндіру автокөліктері арқылы қамтамасыз етеді.
Ақаусыз өртке қарсы сумен жабдықтау — тиімді өрт сөндірудің кепілдігі.
Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздерi (оның iшiнде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндiру су қоймалары, өрт сөндiру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшiн оларға кiре берiстер үнемi ақаусыз күйде ұсталуға тиiс. Өртке қарсы су құбыры желiлерiнiң, өрт сөндiру гидранттары мен өрт сөндiру крандарының, тиiсiнше, жылына екi реттен кем болмай су жiбергiштiгi мен жұмыс
қабiлеттiлiгi тексерiлуге тиiс (көктемде және күзде). Өртке қарсы iшкi су құбырының өрт сөндiру крандары 1,35 м биiктiкте орнатылып, түтiк құбырлар мен ұңғымалар жиынтықталып және пломбаланатын өрт сөндiру шкафтарына жабылып қойылуы керек. Өрт сөндiру крандарының жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, 6 айда бiр реттен кем болмай оларды тексеру жүргiзiлуге, су жiберу және түтiк құбырларды жаңадан ширату iске асырылуға тиiс.