Қоғам

ӨРТ СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар.

Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады.

ҚОЛМЕН СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын Баллондардың сиымдылығы — 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады. ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған. Корпус мия экстракты бар екі көміртекті натрий қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады.
Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4) резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік
ОХП-10 типті химиялық түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына
бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді.

ОВП-5 және ОВП-10 типті қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар. Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.

Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20, ГВП-600 және ГВП-2000 көбік генераторлары қолданылады. Көбік генераторы – иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы
аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны сору арқылы сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді.

Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді.

Өрт сөндіру автомобилі(ӨСА)

Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер
жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б.
мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құралжабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін
пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру сатысы (ӨСС)
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұз. 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close