Қоғам

Шымкентте 3 мың бейнебақылау камерасы іске қосылды

Қараша айынан бастап Шымкентте 3 117 «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылды.

«Аталған камералар жылдамдықтың шектен асырылуын, жол ережесі талаптарын сақтамау, тоқтау сызығын басып өту, бағдаршамның жол жүруге тыйым салатын белгісіне өту секілді жайттарды тіркейді», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, былтыр қалаға 3 153 камера қойылған. Осылайша Шымкенттегі «Сергектің» саны 6 мыңнан асты. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1 889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған.

Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close