ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ ТАКТИКАСЫ-2
Өрттер кабельді бөлмелерден ғимараттарға және энеркокәсіпорындарының таратқыш қондырғыларына тарала алады.
Аса үлкен қауіпті подстанциялар төндіреді. Подстанциялардағы өрттер трансформаторларда, май қосқыштарында және кабель шаруашылығында пайда болуы мүмкін. Ірі аудандық подстанцияларда көп мөлшерде трансформатор майы бар арнайы май станциялары бар. Трансформаторлар мен таратқыш құрылғылардың ажыратқыштарын фундаменттерге орнатады, оның астына апаттық сыйымдылықтармен қосылған май қабылдағыштарды орналастырады. Әрбір трансформаторды, ереже бойынша, жеке камерға орнатады, олар өзара монтажды ойықтар көмегімен кабельді каналдармен және таратқыш щит бөлмесімен жалғасқан.
Трансформатордағы өрттердің даму ерекшеліктері оның пайда болу орнына байланысты. Қысқа тұйықталу кезінде трансформатор майына электр доғасының әсер етуі және оның жанғыш газдарға ыдырауы нәтижесінде трансформатор мен май қосқыштардың істен шығуына әкелетін жарылыстар өтуі мүмкін. Трансформатор орнатылған камераларындағы өрттер тарату щитінің бөлмесіне және кабельді каналдар немесе туннельдерге тарала алады, сол сияқты көршілес қондырғылар мен трансформаторларға қауіп төндіруі мүмкін. Әрбір трансформаторда немесе реакторда 100 т май болғандықтан, өрт ошағының мүмкін өлшемдері туралы болжауға болады (сур. 1).
Гидростанцияларда жоғарлатқыш трансформаторларды станция ғимаратының жанына орналастырады, ал жоғары кернеулі ашық таратқыш қондырғыларды станцияға жақын жерге орнатады.
Тез нейтрондардағы реакторлары бар атом электростанцияларында, көрсетілген өрттер дамуының ерекшеліктерінен басқа, апаттар кезінде сұйық металлды жылу тасымалдағыштың (натрий, калий) жануы мүмкін, ол химиялық заттармен және кәдімгі сөндіру құралдарымен әрекеттескен кезде жану температурасын жоғарылатады, улы газдарды бөледі немесе жарылыстармен аяқталады. Атом электростанцияларының аумағында радиацияның қауіпті деңгейлері пайда болуы мүмкін.
Электростанциялар мен подстанциялардағы өрттер тек энергетикалық объектінің тоқтауына ғана әкелмейді, сонымен қатар басқа да халық шаруашылық объектілерін электр энергиясынсыз қалдырады.
Барлық электростанциялар мен подстанциялар сенімді апаттық қорғаумен және дабылдағыштармен қамтамасыз етілген. Өрттер пайда болған кезде бұзылған қондырғы және апппраттар автоматты түрде релелік қорғау құрылғыларымен тоқтатылады. Өрттерді сөндіру ұйымдастыру негіздері, еңбекті қорғау ережелерін сақтау және энергетикалық объектілердің қызмет көрсетуші тұлғаларымен әрекеттестігі ӨҚҚОЖЖ анықталған.
Нұсқау 200 кВ дейінгі кернеу астында болатын электрқондырғыларында өрттерді сөндіру кезіндегі қызмет көрсетуші тұлғалардың өте қауіпсіз іс- қимылдар бойынша критерийлерді анықтайды.
Қимылға келтірілген электрқондырғылар кернеу астында болуымен түсіндіріледі, немесе оларға кез-келген сәтте қызмет көрсетуші тұлғалармен кернеу беріледі.
Кернеу астындағы электрқондырғылардағы өрттерді сөндіру қажеттілігі келесі негізгі талаптармен анықталады:
- екіншілі тізбек коммутацияларынан 0,22 кВ кернеулі тұрақты немесе ауыспалы тоқты алып тастау мүмкінсіздігі, өйткені бұл бөлмелер арқылы жоғары механизмдердің кабельдері өтеді;
- жауапты тұтынушылардың жылу-, энерго жабдықталуын сақтау үшін электроэнергетикалық өндірісті сенімді қамтамасыз ету;
- басқа қондырғы және өнеркәсіп имараттарына таралуын болдырмас, тасушы конструкцияларға жоғары температураның әсер ету уақытын қысқарту үшін өртті тез тоқтату қажеттілігі;
- энергокәсіпорындарының қондырғыларынан кернеуді түсіру және ағыту бойынша ұзақ уақытты шектеу, ол энергожүйелердің жұмыс режимдері және технологиялық байланысқан өндірістер үшін өте үлкен зардаптар әкеледі.
Энергетикалық кәсiпорындардағы және электр қондырғылары бар бөлмелердегі өрт кезiнде:
генератордың, трансформаторлардың және бөлушi қондырғылардың май жүйелерi зақымданған кезде жанған майлардың кабелдiк тоннелдерге, жарты қабаттарға және май сақтайтын жертөлелерге ағу, сондай-ақ жанғыш жылытқыш және ғимараттың конструкциялық элементтерi бойымен оттың тез таралуы;
барлық химиялық заттармен, оның iшiнде кәдiмгi сөндiру құралдарымен де әрекет жасайтын, жоғары температура, уландырушы газдар бөлетiн, ал олардың кейбiрiмен қопарылыс жасайтын сұйық металдық жылу шығарғыштардың (натрийдiң, калийдiң) жануы;
радиацияныңқауiптi деңгейiнiң тууы;
сутегi салқындатқыш жүйелердiң бұзылуы кезiнде жарылу қаупi бар құрамныңқұрылуы;
тұрақты радио байланыстың бұзылуы;
уландырғыш өнiмдердiң түзелуiнен қалың түтiндеудiң пайда болуы мүмкiн.