Без рубрики
СӘТПАЕВТЫҢ ГОЛЫ «ЧЕЛСИДІ» ДҮР СІЛКІНДІРДІ
«Челси» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшаларында қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың гол соққан сәті жарияланды. Бейнеролик қысқа уақыт ішінде үлкен қызығушылыққа ие болып, клуб тарихындағы ең танымал жазбалардың біріне айналды.

Жарияланған видео Instagram желісінде 21 миллионнан астам қаралым жинады. Сонымен қатар роликке 270 мыңнан астам пікір жазылып, бұл көрсеткіш «Челси» парақшасындағы ең көп пікір қалдырылған жарияланым ретінде тіркелді.
Дастан Сәтпаевтың жарқын ойыны шетелдік жанкүйерлердің де назарын аударып, қазақстандық футболшыға деген қызығушылықты арттыра түсті.
Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығып, Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде 6-минутта гол соққан болатын.



