ВАШИНГТОНДА АТЫС: АҚ ҮЙДІ КҮЗЕТКЕН ҚЫЗМЕТ ҚАРУЛЫ АДАМДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРДЫ!
Ақ үй түбіндегі атыс кезінде қауіпсіздік қызметкерлері қарулы күдіктіге қарсы оқ атқан. Салдарынан бір адам жарақат алды.

Мәліметтерге сүйенсек, атыс болған сәтте АҚШ президенті Дональд Трамп резиденция аумағында болған. Осыдан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Ақ үй маңы толық қоршауға алынған.
Алдын ала дерек бойынша, күдікті — Мэриленд штатында тұрған 21 жастағы Насир Бест. Ол Ақ үй жанындағы күзет бекетіне келіп, қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсы оқ атқан. Куәгерлер бірнеше мәрте оқ дауысы естілгенін айтқан.
Кейін АҚШ Құпия қызметі арнайы операция барысында күдіктінің көз жұмғанын хабарлады. Сонымен қатар оның бұған дейін де Ақ үй аумағына заңсыз жақындауға әрекет жасағаны белгілі болды.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық себебін анықтап жатыр. Тергеушілер күдіктінің жалғыз әрекет еткенін немесе оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын тексеруде.



