Білім

ДЕБАТТЫҚ КЛУБТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде оқушылар арасында «Ұшқыр ой» дебаттық клубтардың жұмысын жандандыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен «Бізде қонақта» жобасы шеңберінде Шымкент қаласының үздік жастар премиясы жастар сыйлығының абсолютті жеңімпазы, Пікірталастан Республика чемпионы, 2018 жылы Шымкент қаласының үздік пікірсайысшы Рахат Арғынбаймен кездесу өткізілді.

Жиын барысында Рахат Арғынбай оқушыларға дебат туралы кең көлемде түсііндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға пікір сайыс дебат ойындарының маңыздылығын жеткізді. Білім ордамызда бүгінгі таңда қазақ тілі, ағылшын және орыс тілі лигалары бойынша дебаттық клубтар құрылып, өз жұмысын жалғастырып келеді. Кездесуді мектебіміздің педагог-ұйымдастырушы Канат Сарбаев жүргізіп отырды. Дебат ойындарының форматтары мен ережелері туралы айтылып, оқушылар сұрақтарын қойып, дебат төңірегінде пікір алмасты. Рахат Арғынбай өз кезегінде оқушыларға дебаттық турнир ойындарында сәттілік тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close