Білім

Ер есімі — ел есінде!

Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке-Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы! Ұлы Жеңіске 76 жыл мерекесі. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойы арман- тілекті бойына сіңірген осынау қос мерекеге арнап Ордабасы ауданындағы Н.Оразбаев атындағы орта мектептің ұжысы  «Ер есімі-ел есінде» атты мерекелі кеш өткізді.

Ауыл мектебіне есімі берілген «Қызыл жұлдыз» І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы'» ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері мен бірнеше медальдерінің иегері Несіпбай Оразбаевтың туылған күні әрі «Мектеп күні» деп 6 мамыр алтын әріппен белгіленді. Н.Оразбаевтың туған -туыстары Балабаев Сауатхан, Балабаев Бәзен , Оразбаев Нұрсапар, Нұрғали, немере інісі белгілі әнші
Еркін Нұржанов , қарындастары Күлипа мен Күләнда аналар қонақта болып, құран бағыштады.

Үлкен мерекелік ісшарада атамыздың естеліктері бойынша көріністер көрсетіліп, ұрыс даласында жазған хаттары оқылды. Ел мақтанышы әнші Еркін Нұржанов ән тарту етіп, мерекелік ақ тілегін арнады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close