Білім

ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА МҮШЕ БОЛДЫ

"Мектеп — кеме, білім — теңіз" деген. Кемеге отырған шәкірттерді білім нәрімен сусындандырып, оларға тағылымды тәрбие беріп өнеге көрсету ұстаздарға артылған жауапкершілік. Егерәкей оқушылары қандай да бір жетістікке жетіп жатса, ол мұғалім үшін үлкен мәртебе болмақ.

Түркістан облысы,
Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепте республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5-сыныптардан ұлдар мен қыздарды қабылдау рәсімі өткізілді.

Салтанатты жиынға мектеп директоры Сәуле Омаш қатысты. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға:

— Сендер еліміздің сенім артқан Жас Ұланысыңдар, біз келешекте сендермен мақтана аламыз! Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Үлкен жетістіктерге жете беріңдер. Ата-аналарыңның, ұстаздарыіның үмітін ақтаңдар! — деп тілек білдірді білім ошағының басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close