#Денсаулық

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 122 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 122 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар — 95, белгілері жоқ — 27. Індет жұқтырған 75 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 47 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1613 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 874 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 739 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –305 төсек орын бар, 146 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 6839 адам вакцина алды (I компонент-4721, II компонент-2118).Егу науқаны басталғалы барлығы 472 655 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 390 480адам вакцинаның екі компонентін алған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close