#Мереке

ОТБАСЫ — ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

2013 жылы Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақстандықтарға арнаған Жолдауында отбасы мен балаларды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгіленді.

Осыған орай, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков басқарма қызметшілерін мерейлі мерекемен құттықтап, марапаттады.

«Бүгінгі мереке біздің отбасымызға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ата-аналардың жауапкершілігін тереңірек түсінуге септігін тигізеді.
Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің кепілі. Сондықтан да баршаңызды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік тілеймін»,-деді басқарма басшысы.

Құрметті, қала тұрғындары! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тек мереке қарсаңында ғана емес жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close