Қоғам

РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ «ДОФАР» I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Оман Сұлтандығы мемлекеті Салалах қаласында өткен «ДОФАР» I Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының ұжымы да Италия, Канада, Египет, Шриланка, Тунис және Моңғолия, тағы басқа шет мемлекеттерінен келген өнер ұжымдарымен бірге өнер көрсетті. Қазылар алқасының оң пікіріне ие болып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылар тарапынан барлық театр ұжымдары фестивалге қатысқаны үшін арнайы номинациямен марапатталды.

Қазан айының алғашқы онкүндігінде өткен фестивалге Райымбек Сейтметов театры Қырғызстанның драматург жазушысы Сұлтан Раевтың «Ханшаның көз жасы» драмасын сахналады. Философиялық қойылым желісі ел мақтанышына айналған Құрманжан Датқа туралы өрбиді. Тағдыр таразысына түскен датқа… Таразының бір басында елі, бір басында ұлы тұрады. Құрманжан Датқа тағдырымен бетпе-бет жолыққан түнде, таразы басының қай тұсын таңдар екен ойланасың. Өзегін жарып шыққан ұрпағының жалғасы, туған перзентін емес, өзін дүниеге әкелген қырғыз елін таңдайды. Қоюшы режиссері – Халықаралық Шыңғыс Айтматов сыйлығының лауреаты Қуандық Қасымов. Режиссердің ассисенті – театрдың көркемдік жетекшісі Айдар Наурызбаев.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close