#Құрылыс

САПА МЕН ЖҰМЫСҚА — ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУ

Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістандағы құрылыс нысандарын кезекті рет аралап, мердігерлермен кездесті. Әр нысанның жұмыс барысын бақылап, кестеден кешікпеуін қадағалаған.

Өңір басшысы «Turan» футбол академиясының құрылыс барысымен де танысты. Облыс футболын дамытып қана қоймай, республикалық деңгейде оқу-жаттығу орталығына айналатын бұл нысан жеке инвестор есебінен салынып жатыр. 10 футбол алаңы, 300 орындық қонақүйі бар. Футбол алаңдары іске қосылуға дайын. Жалпы жоба 2024 жылы толық жүзеге асады деп жоспарланған. Дегенмен инфрақұрылымы реттелсе, жоба ертерек аяқталуы мүмкін.  Облыс әкімі инфрақұрылым мәселесін реттеуді тапсырды. Бүгінде облыс орталығында жеке инвесторлар есебінен салынған тұрғын үйлер саны артқан. Өңір басшысы солардың бірқатарына барды. Атап айтсақ, «Feb Turkestan»,  «Yassy Green House», «Park View Residence», «DEL&Invet» және өзге де компаниялар салған тұрғын үй кешендерін аралап көрді. Түрлі сәулет үлгісінде салынған үш қабатты үйлер және коттедждер Түркістанның ажарын аша түспек. Облыс әкімі әрбір үйдің құрылысы талапқа сай болуын ескертті. Бүгінде шаһарда бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Олардың біразы қазан айында тапсырылса, бірнеше тұрғын үй кешені жыл соңына дейін иелелеріне берілмек.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close