Рухани жаңғыру

ШЫМКЕНТТІК 3 АЗАМАТ — «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Жомарт жүрек — 2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Онлайн дауыс беру арқылы анықталған үздіктер қатарында Шымкенттік үш кәсіпкер бар. Сонымен,
«Gramad» сауда кешенінің басшысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Наимбекова Айжан Ізбасханқызы «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері атанды.
«Туған өлке» номинациясына — «Строй сервис-7» ЖШС-нің бас директоры Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы ие болды.
Ал «Жылдың үздік ұйымы» болып кәсіпкер Талгат Исхахов басқаратын «Балтекстиль» ЖШС танылды.

Жалпы, Шымкент қаласынан биыл «Жомарт жүрек» сыйлығының номинациялары бойынша республикалық конкурсқа 5 азамат қатысқан болатын. Олар Шымкенттің дамуына айтарлықтай үлес қосып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға, жөндеуге атсалысты. Пандемия кезінде көмекке мұқтаж жандар мен отбасыларға қолұшын созып, қолдау білдірді. Және қайырымдылық шараларын күні бүгінге дейін жалғастырып келеді.

Айта өтейік халықты, бизнес-құрылымдарын, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді ынталандыру, көтермелеу және туған өлкесін дамытуға жұмылдыру, азаматтық белсенділіктің үздік тәжірибесін насихаттау, қайырымдылық және мейірбандық идеяларын қолдауды мақсат еткен жоба жеңімпаздары желтоқсан айында арнайы марапатталады. Салтанатты рәсім Павлодар қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close