Саясат

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ — «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІНЕ АЙНАЛДЫ

Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты 12 бастауыш партия ұйымының төрағаларымен кездесу өткізді.

Бастауыш партия ұйымы — «Nur Otan» партиясының негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды.
Бастауыш партия ұйымының мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады.

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларын, басқа да бағдарламаларын жүзеге асыруда БПҰ-ның рөлі ерекше екенін әрдайым айтып келеді.

Аудандық партия филиалында білім беру мекемелерінен, жеңіл өнеркәсіп, медицина т.б салалардан құралған 12 бастауыш партия ұйымы, оның ішінде 111 партиялық топ бар.

Кездесу барысында аудан әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағаларымен аудандағы өзекті мәселелерді, оның шешілу жолданын талқылап, алдағы уақытта БПҰ-ның жұмысын жаңа бағыттарға лайықтап құру керектігін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close