#Жастар

«ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Qazaq Epos» ағарту жобасы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бүгін республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқауға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің мектепішілік іріктеу кезеңдерінен жеңімпаз атанған (6-10 сынып аралығында) 70 оқушы қатысып, бақ сынасты.


Қазылар алқасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында, ұлттық рухты көтеру, «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушының білімін тексеру үшін қосымша сұрақтар қойып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтады.
Қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және артистік шеберлігіне назар аударылады, яғни батырлар жырын нақышына келтіріп, төгілтіп жырлауы ескеріледі. Жырды айту барысында қатысушы мүдірмей айтып, қосымша сұрақтарға жауап беруіне мән берді.
Байқаудың ережесіне сәйкес қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап берді.

Республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы №82 ЖОБММ 10 сынып оқушысы Қонарбай Қарақат республикалық байқауға жолданатын болады.
Байқауға қатысқан оқушылардың барлығына Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталық директоры, ф.ғ.к. М.Медетбекованың Алғыс хаты берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close