Без рубрики

КӨКШЕТАУДА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАНЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ

Көкшетау қалалық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу айыбы бойынша сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылдың мамыр айында орын алған. Жүргізуші куәлігі жоқ әйел көлік тізгініне отырып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан зардап шегуші ауруханада көз жұмды. Қаза болған азаматшаның артында баласы қалған жалғызбасты ана екені белгілі болды.

Сот отырысы барысында сотталушы С. өз әрекетін түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, жұбайының денсаулығы кенеттен нашарлағандықтан, ол жолдасының рұқсатымен, тіпті жүргізуші куәлігі болмаса да көлік тізгініне отыруға мәжбүр болған. Осы оқиғаға байланысты көлік иесінің автокөлікті басқару құқығы жоқ адамға беруі дерегі бойынша қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлінді.

Сот залында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеді. Жәбірленуші тарап сотталушының шынайы өкініші мен шығынды өтегенін ескере отырып, оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Алайда, жасалған қылмыстың ауырлығын ескере келе, сот С.-ны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Дегенмен, сотталушының тәрбиесінде екі жасар баласының болуына байланысты, заңнамаға сәйкес жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге қалдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close