БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ
Қазіргі таңда танымал және өзекті салалардың бірі ол – Туризм. Туризмді көпшілік адам, тек саяхат жасау тұрғысынан танумен шектеледі, алайда туризм ол – Тарих, туризм ол – Медицина, туризм ол – Мәдениет, туризм ол – Сауда.
Әлемде жеті миллиард адам, екі жүз ден астам ел бар, сан түрлі тіл мен өзіндік ерекшеліктер бар, олардың бәрін болмасада бір шамасын біліп, тануымыз керек. Ел танимын, тіл үйреніп дамимын деушілерге туризм таптырмас сала. Туризм адамның дамуына, бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді, яғни тұлғаның көшбасшылық және ойлау қабілетін артырады. Бұл тұста жасөспірімдер туризимі алдына ден қояды. Жасөспірімдерге туризм саласы кәсіби тұрғыда тиімді болып табылады. Жастар туризмі ұғымдары мен категориялары зертелген және осы негізде «жастар» және «жастар туризмі» анықтамалары нақтыланды. Жасөспірімдер туризмі атынан белгілі, яғни балалар және жастар мен жасөспірімдерге арналған, олар көбіне өз топ ішінде, достары мен құрдастарының арасында ұйымдастырылады. Сондай-ақ жеке саяхат түріде бар. Жеке жастар туризмі — бұл мотивация болып табылатын бір адамның дараланған жеке қызмет көрсеруі болып табылады, талабына сәйкесінше тур бағасы жоғары болады. Жеке жастар туризмі іскерлік, ғылыми, сауықтыру мақсаттарымен және көп жағдайда өзара алмасу немесе туыстық байланыстар арқылы жүзеге асырылады. Және де трекинг, манубайкинг, сноуборд, альпенизім, велотуризм тіпті ғарыш пен джайлоо туризміне барушы туристердің әсіресе жастар тарапынан екенін байқауға болады. Алайда танымдық мақсаттағы бағытында ұмытпау керек, себебі бұл бағыт адамның жеке қасиеттерін дамытуға дағдыланады. Танымдық мақсаттағы туризм жастардың ой өрісін, санасын дамытып және жеке идеяларының туындауына үлкен септігін тигізеді. Жастар мәдениет және білім мақсатында музейлер мен спортық кешендерге қызығушылық танытқандықтан оларды жеке турист ретінде қабылдайды. Қазірде музейлер тек экспонаттар мен жәдігерлермен шектеліп қоймайды, аспан асты музейі сынды түрлі проектілер жасалынады, ол жасөспірім туристердің келуге деген қызығушылығын көбейтіп, қиалын артырады. Жасөспірімдер туризмі қарапайым туризмнің барлық қағидаттарын қамтиды, алайда туристтердің жас айырмашылығымен ерекшеленеді. Жасөспірім туризмінде туристтердің жасы он төрт жастан отыз жас арасын қамтиды. Бұл туризм түрі құны мен орналасу жағдайында ерекшелік табады. Себебі, студенттер люкс (Lux) отельдерде және маршрут барысында ең жақсы орындармен өзін қамтамасыз ете алмайды. Алайда студенттік билеттері бар болса оларға көптеген жеңілдіктер жасайды. Туризм саласында жасөспірім туризмінің сұранысы жылдан жылға артып келеді, әсіресе оқу туризмі маңызды рөл атқарады. Мысалға, елдер арасында студент алмасу бағдарламасы бар, ол ел тану, өзге дәстүрді тану, тіл үйрену мәдениеттердің жақындасу мақсатында жоспарланады. Бұл бағдарлама бойынша туристердің жастары он сегіз – жиырма жетіні қамтылу керек, ол студент белгілі бір отбасыға жіберіледі де тіл, мәдениет үйреніп, түсінуіне оңтайлы септігін тигізеді. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ аясында жастар туризмі мен ұтқырлығын жеңілдету және жеделдету үшін көптеген мекемелер мен ұйымдар құрылды. Студент алмасуда Erasmus программасы танымал, бұл программаны Австралия, Новая Зеландия, Австрия, Швецария, Англия сынды елдер қолдайды. Жасөспірім туризмінің нарықтағы бағытын атап кетпесек болмас, себебі туризм нарығында маңызды нарықтардың бірі ол жасөспірімдер туризмі болып табылады. Жас туристтер туристік мансапта алдыңғы қатарда тұр. Олар үнемі алға қарай дамып отырады, жаңа кәсіптер ашады және маркетинг саласына үлкен үлестерін қосуда. Жас саяхатшылардың мотивациялық факторларын ескере отырып, итермелейтін факторлар олардың ауырлық күшіне емес, олардың саяхатқа бейімділігіне едәуір әсер ететіндігін атап өткен жөн. Жастар туризмінің негізгі мотивтері — білім алу, басқа адамдармен кездесу, мансаптық өсудің құндылығын арттыру, басқа мәдениеттер туралы білім алу, өзін-өзі дамытуды арттыру, оқу, білім және саяхатшылар, бұл жас саяхатшылар тұлғасының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Ең баста жастар туризмі тек балаларды тәрбиелеу мақсатында құрылған болатын, кейінірек жорық мақсатында, яғни жорықтағы қауіпсіздік шараларыды үйрету мақсатында ашылады. Жасөспірім туризмінің негізі Германияда қаланған, өйткені онда жас туризмнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған алғашқы жатақханалар пайда болды. Бүгінде Германияда жас саяхатшылар үшін құны тиімді турларда жүретін туристер саны көп, бұл жастар туризмінің табысты дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Германиядағы жастар туризмінің өзіндік нормативтік-құқықтық базасы бар. Ал Ресейде жастар туризмін дамыту перспективалы бағыты болып табылады. Ресейде жастар туризмін дамытудың әлеуеті айтарлықтай үлкен, оның маңызы, әсіресе 2014 жылғы Сочи Олимпиадасынан кейін айқын болды. Қрымның Ресейге қосылуы туризмнің дамуына белгілі бір әсерін тигізді. Жастар көрікті жерлерге, Ресейдің теңіз жағалауындағы демалысқа қызығушылық таныта бастады. Қырым, Қазан және Анапа, Санкт-Петербургтегі турлар қазіргі жастар арасында өте танымал. Бүгінде бұл бағытта туристік ұсыныстар өте көп. Ең алғаш туризмді білім мақсатында 1425 жылы Мантуедегі мектеп тәрбиелеушілері Альпі бөктеріне балаларды бір күндік жорықтарға алып жүретін болған. Қазіргі кезде де, мектептерде экскурсиялар өткізіледі, себебі тек айтып, оқығаннан көзбен көріп, эмоциялар арқылы қабылдау есте ұзаққа сақталатыны бәрімізге белгілі жәнеде бұл адамның ойлау қабілетін артырады. Біздің елде мұндай бағдарламалар бар, мысалы Нұр-Сұлтан қаласында оқушыларға арналған үш күндік экскурсия өткізеді. Ең бірінші күні оқушыларды орналастырады, тамақпен қамтиды да, қала орталығында үш сағаттық экскурсия өткізеді, онда Бейбітшілік сарайына,
«Астана-Опера», Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы — Ақ Орда мен «Хазірет Сұлтан» мешітін тамашалай алады. Екінші күні спорт әлеміне саяхат жасайды. Яғни, «Алау» мұз сарайы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «АстанаАрена» стадионын, Қазақстандағы ең ірі сауда ойын сауық орталығы «Хан-Шатыраға» барып тамашалайды. Ал үшінші күні Мұхиттан үш мың шақырымнан астам қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз океанариумға бару, 5D кинотеатырын тамашалау, зоопарктермен көбелектер галереясын тамашалауға мүмкіндік алады. Экускурсия ішіне Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне бару мүмкіндігі бар. Мұражайда жаңа технологиялар қолданылады, мәселен динамикалық макеттер, үлкен экрандар мен мультимедиялық нұсқаулықтармен жабдықталған. Бұл экскурсия 10 адамды қамтиды, жалпы құны 55000 т құрайды. Жасөспірім туризмінің негізгі проблемалары ол туристік қызметтер мен тұрақты орнының жоғары құны, жастарға көрсетілетін туристік қызметтің сапасы төмен деңгейлігі, көлік транспортарында айырмашылықтар, жастардың туристік демалыс орындарының едәуір бөлігі апатты жағдайда және бос тұруы, аудандардың жұмысын облыс орталығымен үйлестіру тиімді емес. «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» жобасында дамыған 50 елдің қатарына қосылу жобасы бойынша жастарды тәрбиелеу және білімін артыру мақсатқа қойылған. Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Болашақ жастардың қолында», — дейді шынында да жасөспірімдердің ойлау және қабылдау қабілеті жоғары деңгейде. Қазақыстанда жастарға арналған түрлі жобалар бар. Ел ордамызда туристік өлкетану қызметі бойынша «Жас туристер станциясы» жұмыс атқарады. Ол туристік өлкетану іс- әрекеті барысында жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған патриоттарды тәрбиелеу туған жерді, қоршаған ортаны, тарихи және мәдени ескерткіштерді білу, қарым-қатынас жасау арқылы мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын қалыптастыруға, табиғатқа баулуға, ерік пен руханилыққа тәрбиелейді. Бүгінгі күні станцияда 640-тан астам орыс және қазақстандық студенттер бар. Олар «Жас велосипедшілер», «Жас туризм нұсқаушылары »,« Жас гидтер »,« Жас өлкетанушылар »,«Өлкетану географтары», «Шағын туризм», «Изотуризм» түрлеріне бағытталған. Туризмді мемлекеттік басқару белгілі бір әдістер мен формаларды қолданады. Зерттеуші Н.Ю. Хаменева өз сөздерінде былай дейді :
«туризмді мемлекеттік басқару әдістері мыналарды қамтиды: салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бағдарламалық-мақсатты жоспарлау; мемлекеттік келісімшарттар жасасу, туризм саласындағы экономикалық қызметті үйлестіру, мемлекеттік меншікті басқару, құрылымдық басымдықтарды анықтау жаңа ақпараттық технология құралдарын енгізу, лицензиялау, сертификаттау, мемлекеттік қадағалау негізінде ақпараттық қызметтерді ұсыну болып табылады». 2012-2016 жылғы Қазақстанда мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасында жасөспірімдер туризмінің тұлға аралық тәрбие негізінде, салауатты өмір салтын ұстануда, мәдениет, тарих және спорт түрі ретінде ерекшеленетіндігін айтады. 2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» туристік клубы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының гранттық қолдауымен Қазақстанда жастар туризмін дамыту бойынша жобаны жүзеге асырды. Жоба 2019 әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы болып табылады. Оның басты мақсаты — қызығушылық танытқан жастарды елдің табиғи, тарихи және мәдени көрнекті жерлерімен таныстыру. Жаз бойы жобағу қатысушы туристтер ежелгі Тараз, Сауран, Отырар қалаларын, Айша бибі, Қарахан, Арыстан баба, Х.А.М.Әуезованың кесенелерін аралады. Сапар барысында жобаға қатысушылар пикниктер ұйымдастырып, кемпингтер жасады. Жастар саяхаттардан алған әсерлерін өлеңдерінде, блогтарында, мақалаларында және ғылыми жобаларында көрсетті. Бұл жоба жастардың көпшілігін өзіне қарата алды және ішкі туризмнің дамуына әсерін тигізді, болашақтада мұндай жобалар жиі ұйымдастырылып, түрленуі маңызды. Себебі жастарды әр күн сайын жаңа ақпараттар мен жаңа жобаларды ұсыну арқылы тек жасөспірім туризмін ғана емес Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы алға бастар тағы бір қадам болар еді. Жасөспірімдер туризмі модернизацияланады, материалдық- техникалық қамтамасыз етіледі, шет елдерге демалу мақсатында базалар ашу жәнеде мектептерде ел ішінде жорықтар жасау мен Қазақстанның көрікті жерлеріне сапарға шығу міндеттеледі. Туризмді дамыту мақсатында ең алдымен ішкі туризмді дамыту керек. Ол үшін гид, экскутсавод, туроператор т.б мамандарының санын артыру керек. Осы себептіде жасөспірімдер туризмінің дамуы туризм саласында және экономика мен мемлекет үшін маңызды. Тек бұл үшін жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар берілуі тиіс, туризм мамандығына жастардың қызығушылығын артырып, мүмкіншіліктерін арттыру керек. Жастар туризмі аймақтың өндіргіш күштерінің ең динамикалық және белсенді элементін дамытады, сондықтан тұтасымен тағайындалған жердің ресурстық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.